адамның бас сүйегіне қатты ұқсайды
Басқа планетадан келген артефактілерді зерттеуші Скотт С.Варинга өзінің ufosightingsdaily.com сайтына кезекті жұмбақ суретін жариялады. Онда Марстың үстіңгі қабатынан табылған шынайы суретке негізделген сұрақ қойылады.
Жұмбақ суретті НАСА Марсқа жасаған экспедициясы кезінде түсіріпті. Онда адамның бас сүйегіне ұқсас қаңқа көрініп тұр. Зерттеуші болжамынша, «қызыл планетада» өмір сүрген баяғы тіршілік иелерінің бас сүйектері тап осындай болған.
«Бас сүйек үлкен. Ол көлемі жағынан адамның бас сүйегімен шамалас. Мен мұның дулыға екеніне сенбеймін. Дулыға мұрын тұсын дәл осыншалықты дәлдікпен көрсетіп бере алмайды. Оның төменгі желке тұсы да адамның қаңқасына қатты келеді. Марстағы бас сүйек Жердегі адамның бас сүйегінен айнымайды екен», – деді Скотт С. Варинга.
Мұрат АЙТҚОЖА