• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
14 Маусым, 2016

Жаңа препарат

369 рет
көрсетілді

отандық фармацевтикаға соны серпін әкеледі Қарағандылық ғалымдар тағы бір бірегей дәрі ойлап тап­ты. «Цитофат» деп аталатын препарат қазір Назарбаев Уни­верситеттің медициналық ор­талығында клиникалық сынақ­тан өткізілуде. Жаңа дәріні жасап шығаруды алдымен қолға алған – белгілі ғалым, химия ғылымдарының докторы, академик, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қарағанды мемлекеттік техникалық универ­ситетінің ректоры Арыстан Ғазалиев. Арыстан Мәуленұлы пре­паратты жасап шығару жо­лындағы жұмыстарын, тіпті, осыдан ширек ғасырдай бұрын, ҰҒА Органикалық синтез жә­не көмір химиясы институты директорының орынбасары қызметін атқарып жүр­ген шағында бастаған екен. Қызметі ауысса да мақсатынан танбаған ғалым бұл жұмысқа ҚарМТУ жанындағы ғылыми-зерттеу институтының химик ғалымдарын, магистранттары мен студенттерін де тартқан. Ғалымдардың айтуынша, жаңа препарат отандық фар­мацевтика саласына соны серпін беруі тиіс. «Цитофат» бүгінгі қоғамда әлеуметтік дерт­ке айналған бауыр ауруларын емдейді. Оның үстіне, бағасы да қарапайым халық үшін қымбат болмайды. Өйткені, дәрі Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде өсетін өсімдік – термопсистен жасалады екен. Клиникалық сынақтар бір­неше айға созылуы мүмкін. Себебі, қанша дегенмен, күні ертең адам ағзасына сіңірілетін зат болғандықтан, оны жан-жақты тексеруден өткізу әб­ден керек. Сәтін салып, оң нә­тиже беріп жатса, дәріхана сөре­леріндегі импорт дәрілердің біразын осы қарағандылық препарат ығыстыруы ғажап емес. Қайрат ӘБІЛДИНОВ, «Егемен Қазақстан» ҚАРАҒАНДЫ
Соңғы жаңалықтар