Кәрі түбектегі «Болашақ» мемлекетаралық түйісу стансасында өткен жылмен салыстырғанда жүк тасымалы артыпты. Бұл жөнінде стансаның бастығы Жарас Жолаев айтты.
Маманның сөзіне илансақ, биылғы жылы шекаралық стансадан Иран, Ауғанстан бағдарына астық өнімдерін көбірек өткізу байқалады. «Биылғы жылғы бес айда Иран мен Ауғанстанға Болашақ шекаралық өткелі арқылы 74 мың тонна астық өнімдері өткізілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда айтарлықтай көп», деді Ж.Жолаев.
Иран Қазақстан астығын тұтынатын ең үлкен елдердің қатарында. Бүгінгі таңда, «Азық-түлік корпорациясы» сауда нарығы құрылымының 60 пайызын экспорттық жүктер алады. Мұның ішінде астықты сыртқа шығару деңгейі жоғары. Бұған Каспий теңізі жағалауындағы Ақтау порты мен Әмірабад портындағы жекеменшік астық терминалдары сапалы қызмет көрсетуде.
Оған қоса, Иранға экспортқа тауар шығару теңіз жолдарына баламалы негізде Қазақстан – Түрікменстан – Иран теміржол телімімен де тасымалдануда.
Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ,
«Егемен Қазақстан»