• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
16 Маусым, 2016

Қазақ даласында

469 рет
көрсетілді

108 мың киік тіршілік етеді Ауыл шаруашылығы министрлігі осы жылдың 18 сәуірі мен 3 мамыры аралығында Бетпақдала, Орал және Үстірт популяциясының киіктеріне әуеден санақ жүргізді. Мәліметтерге сүйенсек, Қазақстанда 108 мың 300 ақбөкен бар екен. – Өткен жылы Бетпақдала тара­лымының жаппай қырылуынан кейін 2016 жылғы санақ бойынша ақпарат бергіміз келеді. Бетпақдала таралымында 36 мың 200 киік тіршілік етеді. Орал таралымында бұл көрсеткіш 70 мың 200 киікті құрайды. Үстірт таралымында 1900 бас тіркелді, – деді Ауыл шаруашылығы министрлігі жануарлар дүниесі және аңшылық шаруашылығы басқармасының басшысы Бақытбек Дүйсекеев. Жиын барысында Ауыл шаруа­шылығы министрлігінің өкілдері 2015 жылы жабайы тіршілік иелерінің неден қырылғаны әлі анықталмағанын мәлімдеді. – Олардың ең көп мекен ететін жері Орал өңірі болғандықтан, бұл маңайдың күзетілуіне, ақбөкеннің таралуына қатты мән беріп отырмыз. Осыған байланысты мамыр айында Орал қаласында арнаулы «Охотзоопром» мекемесінің филиалын аштық. Бұл орынға қызметкерлер саны бойынша да, техника жағынан да көмек көрсетіп отырмыз. Мекеме жанынан төрт арнайы топ құрылды. Әрбір топқа жол талғамайтын екі көлік, ал көліктер­дің әрқайсысына екі инспектордан бөлдік. Екі топ Астанада, қалған екі топ Қызылордада жұмыс істейді, – деді Бақытбек Дүйсекеев. Аян ӘБДУӘЛИ, «Егемен Қазақстан» Айта кетейік, 2015 жылы мамырда Бетпақдаланы мекендейтін 150 мыңнан астам киік қырылған. Оның нақты себебі әлі күнге дейін белгісіз.
Соңғы жаңалықтар