• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
17 Маусым, 2016

Энергияны үнемдеу ілгерілеп келеді

459 рет
көрсетілді

Кеше Тәуелсіздік сарайында Astana Mining & Metallurgy» VII халық­ар­а­лық тау-кен және металлургиялық конгресі жұмысын жалғастырды. Оған еліміздің және алыс-жақын бірқатар елдердің мамандары мен сарапшылары қатысты. Шара аясында өткен «Қазақ­станның тау-кен сек­торының инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін KAZRC стан­дартын енгізу» жөнінде болған дөңгелек үстелге еліміздің Үкі­меті аты­нан қатысып сөз сөй­леген Инвестиция және даму вице-министрі  Альберт Рау Қазақ­станның осы бағытта қол жеткізіп отырған жетістіктері жөнінде әңгімеледі. «Металл өндіруші және өңдеуші сала­ның менеджерлері энергияны тиімді пайдалану мен барынша үнемдеуге қатыс­ты осындай шара ұйымдастырып отыр­ғанын, әрине, Қазақстан Үкіметі қолдай­ды. Себебі, саладағы өнім өндіре­тін кәсіпорындардың бәрінің шығарған тауары және оның бәсекеге қабілетті бола алатыны энергияны қалай пайдалануына қатысты. Сондықтан, қай салада да энергияны тиімді басқару біз үшін өте маңызды», деді министрдің орынбасары. Қуат көзін орынды жұмсау ісі елімізде енді ғана қолға алынып жатқанын айтқан вице-министр, бірқатар мәселеге назар аудартты. «Өткен ғасыр­дың 60-жылдары бір тонна металл өндіруге кететін энергияның құны сол өнімнен де қымбатқа түсіп жататын кездері болатын. Бұл үрдіс кешегі 2010 жылға дейін жал­ғасып келді. Түрлі себептер мен кедер­гілердің салдарынан осы кезге дейін қуат көзін үнемді пайдалану шар­а­сына кіріспей келген едік. Сөйтсек, пайданы екі бағыттан да, яғни энергияны тиімді пайдалану арқылы да табуға болады екен. Сондықтан германиялық әріптес­терімізбен бірге арнайы бағдар­лама да­йын­­­дап, оны жүзеге асыра бас­­та­ға­ны­мыз­ға да бірталай жыл болды», деді ол. Қазақстанның энергияны үнемді пай­далануға 2010 жыл­дан бастап кіріс­кеніне назар аудартты. «Елімізде индус­трия­ландыру бағдарламасы бас­тал­ған соң, Мемлекет басшы­сы Нұрсұлтан Назарбаев қуат көздерін тиімді пайда­лану­­ды тапсырды. Тапсырып қана қой­ған жоқ, үнемі жеткен жетістіктердің көрсет­кі­шін белгілеп отыруды жүктеді. Ай­тайын дегенім, одан бергі атқарылған жұ­мыс­тар аз емес. Мемлекеттік үдемелі ин­дус­т­рия­лық-инновациялық бағ­дарлама аясында бой көтерген кәсіпорындардың бар­­лы­ғын­да энергияны үнем­деу шара­сы бас­ты назарда болды. Оған қоса еліміздің эко­но­мика­лық құрылымдарында тиімді өзге­ріс­тер болды. Сон­дай-ақ, қуат көзін үнем­­ді пай­далануға қатысты қабыл­дан­ған заң да өз жемісін беріп жатыр», деді А.Рау. Германия энергетика агент­тігінің өкілі Наргис Вик Қазақстан Үкіметімен әріп­тестікте жұмыс істеп жат­қан­дарын айтып, ақылды энер­гетика жүйесін қалай құру керектігі жөнінде әңгімеледі. «Маған қуат көздерін үнемді пайдалану мен оның балама жолдарын қарастыру жұмысын Қазақстан Үкіметімен бірге істеген ұнайды. Ал қазір Гер­ма­нияның энергетиканы ақылды жолмен үнемдеу шараларына қатысты әңгімелеп өтейін. Біз­дің елдің қолға алып, жүзеге асырып отырған жобасы салада революциялық шара екені мәлім. Біздің ел алғаш рет атомдық отын өндіретін стансалардан мүлде бас тартып, шешім қабылдағанда көптеген мемлекеттер таңдана қарағаны рас. Бірақ, жұмыс нәтижесі көрсетіп тұрғандай, электр қуатын өндірудің балама жолдарын қарастырып, елді табиғи қуат көзімен толық бол­маса да 80 пайызға дейін электр энергиясымен қамтамасыз етуге болады екен», деді Н.Вик. Бұл мақсатқа Германия 2050 жылдары қол жеткізуге ұмты­лып отырғанын айтқан спикер, атом энергиясынан бас тарту әлемнің әр тұрғынына пайдалы әрі жағымды болатынын жет­кізді. «Бүгінгі күнде энер­гияны үнемді пайдалану бойынша 2008 жылға қарағанда, тұтас елдің қуат көзін 9 пайызға дейін үнемдегені анық болып отыр. Енді алдағы 20 жылда бұл көрсеткіш тағы 20 пайызға дейін артады деген үмітіміз бар. Ол үшін барлық мүм­кін­­діктер қарастырылып, нақ­­ты есептеулер жасалды. Мұны толық сеніммен айтып оты­руым­­ның себебі, біздің агент­тік осы жұмыстарды жүз­еге асырушылардың негізгі ор­тасы болып саналады. Сон­дық­­тан, бұған ешқандай күмән­дарыңыз болмасын. Егер әлем елдерінің бәрі Қазақстан мен Германия сияқты осындай нақ­ты бағдарламаларды жүзе­ге асырса, Жер шарының әр тұр­ғы­н­ы­на пайдалы болар еді», деді ол. «Энергияны үнемдеу және электрэнергияны дамы­ту институты» АҚ-тың жетек­шісі Айдар Махамбет, Еуропа елдерінің осы салада қол жеткізген жетістіктері мен тәжірибелері жөнінде әңгі­меледі. «Еуропа елдерінің бірқатары бұл бағытта жеміс­ті жұмыс істеп жатқаны бел­гілі. Ал солардың ішінде Гер­манияның тәжірибесі бар­лық елдерге үлгі екені анық. Сон­дықтан да, аталған елдің маман­дарымен бірлесіп, бала­ма қуат көздерін өндіру жұмы­сын жүргізіп жатыр­мыз. Бұл ісіміздің жемісін көре де бастадық деуге болады. Әсі­ресе, тез жүзеге асатын және нәтижесі қысқа уақытта белгілі болатын қалаларды жарықтандыру шаралары кеңінен қолға алынған. Ал өндіріс ошақтарында қуат көзін тиімді пайдалану шаралары да қарқынды жүргізіліп жатыр», деді А.Махамбет. Спикер көрші Ресей елінің де осы бағыттағы ұмтылысы көпке үлгі екенін айтып өтті. «Ресей мемлекеті алдағы 20 жылдың ішінде ірі өндіріс орындарында және өзге де тұтыну салаларында энергияны үнемдеуді 40 пайызға дейін үнемдеуге қол жеткізуді көздеп отыр. Мемлекеттік бағдарламаларына зер сала қарасақ, көрсеткіштері жақсы боларына сенім бар. Енді алыс-жақын елдердің осы салада қол жеткізген табыстары мен көрсеткіштерін нақты зерделей отырып, өз тәжірибемізге енгізе білгеніміз жөн. Расын айтқанда, қоршаған ортаны ластамай, өндіріс орындары мен жалпы халықты балама қуат көздерімен қамтамасыз ету бүгінгі күннің басты мақсаты болып отыр. Сондықтан Германияның 2030 жылға дейін энергияны үнемдеуді 2 есеге дейін жеткізу бағдарламасынан бәріміздің үйренетін тұстарымыз бар», деді ол. Металды өндіру мен қайта өңдеу саласында қуат көзін барынша үнемді пайдалануға үндеген конгресс қатысушы­лары, осы шараны насихаттап жүр­ген БАҚ өкілдері мен өндіріс ошақ­тарында ерекше еңбегімен көрінген қызметкерлерге өз сый-құрметін де жасады. Атап айтқанда, конгрестің алғашқы жұмыс күні ұлттық салалық «Алтын Гефест» 2016 сыйлығының жеңімпаздарын марапаттап, гала-қабылдау өткізді. Онда «Жыл геологы», «2016 жылдың кеншісі», «Жыл жобасы», «Инновациялар бо­йынша жыл көшбасшысы», «Қазақстандық құрамы бойын­ша жыл көшбасшысы», «Энер­гияны үнемдеу сала­сындағы үздік», «Жылдың ғалым-педа­гогы», «Жылдың дип­­ломдық жұмысы», «ТКМК тура­лы ТД-ғы үздік журналистік жұ­мыс», «ТКМК-гі еңбек адамы туралы үздік журналистік мақала» аталымдары бойынша бірқатар адамдарға құрмет көрсетіліп, сый-сияпат жасалды. Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ, «Егемен Қазақстан»  
Соңғы жаңалықтар