Кеше Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары М.Б.Бекетаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Құқықтық саясат жөніндегі кеңестің отырысы болып өтті.
Отырыста Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі дайындаған «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының негiзгi қағидалары және жергiлiктi полиция қызметi туралы заңнаманы іске асыру барысы мен оны қолданудың проблемалық жағдайлары туралы мәселелер қарастырылды.
Құқықтық саясат жөніндегі кеңес отырысының ұсынымдары уәкілетті мемлекеттік органдарының заң жобалау жұмысы және құқық қолдану қызметі барысында ескерілетін болады.
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Мемлекеттік құқық бөлімі