• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
17 Маусым, 2016

Оңтүстік Кореяның тұрғыны

288 рет
көрсетілді

бірінші болып ЭКСПО-2017 көрмесіне билет сатып алды Таяуда ЭКСПО-2017 көрме­сінің билеттері сатылымға шыға­рылды. Осы орайда, елімізде өтетін халықаралық көрмеге қызы­ғушылық танытып, билет сатып алуға ниетті шетелдік азаматтар белгілі бола бастады. Соның бірі – Оңтүстік Корея тұрғыны, бизнес саласының ханымы Джонг Хи Ву. – Астанада өтетін халықаралық көрме жайында барлық мағлұматты әлеуметтік желі арқылы біліп отырамын. Сондықтан да билеттер сатылымға шықты дегенді естіп, сатып алуға асықтым, – дейді Джонг Хи Ву. Сонымен қатар, шетел азаматшасы ЭКСПО-ның ашыл­уын асыға күтетінін де жеткізді. Себебі, ол Қазақстанда бизнес-жобаларды бірге жүзеге асыратын серіктестер тапсам деген ниетте. Бүгінде Джонг Хи Ву басқа­рып отырған компания қала инфра­құры­лымын дамытумен, IT-технология және халықаралық сауда-саттық операцияларын орын­­даумен айналысады. Ал меке­ме­нің жылдық қаржы айналымы мил­лиард долларды құрайды. – Қазақстан – Оңтүстік Корея­­ның стратегиялық серік­тесі. Сондықтан, кореялық компания­лардың қазақ­стандық мекемелермен серіктес болуға ынталы екенін білемін. Біз­дің компания да Қазақстаннан мүд­делес мекеме табуды көздейді, – дейді Leaders D&C компаниясының президенті Джонг Хи Ву. Айта кетейік, аталған оңтүс­тіккореялық компания еліміздегі ірі кәсіпорындармен бірге баламалы энергия тұрғысында бірқатар жобаны іске асыруға ықылас білдіріп отыр. Сонымен қатар, оны теміржол және «Жібек жолы» жобалары да қызықтырады. Талғат РАЙЫМБЕК, «Егемен Қазақстан»