• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
17 Маусым, 2016

Қала. Теңіз жағасы. Күйсандық

518 рет
көрсетілді

Ақтауда теңіз жағалауына келушілер үшін көңіл көтеруге, тынығуға арналған күйсандық музыкалық аспабы қойылды. Англияда 2008 жылы қолға алынып, қазір әлемге танылған жо­баны ақтаулық екі жас жігіт жүзеге асырды. Идея авторлары – жергілікті машина құрастыру зауытында жұмыс істейтін Шың­ғыс Есбосынов пен Дамир Жан­супов классикалық музы­каның тыңдармандары екен. Кезінде музыка саласын­да фортепиано сыныбында білім алған Шыңғыс «көше күй­сан­дығы» идеясы ойына келген соң, өз үйіндегі музыкалық ас­пап­ты көше бойында көпшілік үшін  кәдеге жаратуды ойлаған. Бастамалары Ақтау қалалық әкім­дігінен қолдау, жергілікті өнер мектебінен демеу тапқандықтан, күйсандық көп ұзамай Ақтау қаласындағы 15-шағын ауданның теңіз жағалауына орналасты. Күй­сандыққа келу­шілер көп. Олар­дың арасынан орындаушылар да табылып жатыр. Ал, былайғы жұрт, жас-кәрі демей, таза ауада көпшілік болып музыка тыңдап демалғанды жоғары бағалауда. Ал музыка мамандары болса, бұл көңілді демалыспен бірге, клас­сикалық музыканы насихаттау деп отыр. Еуропа елдерінде «көше күйсандығы» теміржол вокзалы, әуежай, демалыс бақтары сынды адам көп жиналатын жерлерге қойылатындығын ескеріп, жоба авторлары халықтың қызы­ғушылығына қарай отырып, мүмкіндігінше қаланың тағы бір­қатар жерлеріне күйсандық қоюды жоспарлап отыр. Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан» АҚТАУ
Соңғы жаңалықтар