• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
17 Маусым, 2016

Демалыс маусымы ашылды

286 рет
көрсетілді

Биылғы жазғы демалыста тынығу орталықтарында 3500 теміржолшының баласы каникулдарын қызықты өткізетін болыпты. Олардың ата-аналары жолдаманы жылдағы дәстүрге сай тек қана он пайызын төлеп, жеңілдікпен алады. Қаржының қалған бөлігі «ҚТЖ» ҰК» АҚ әлеуметтік бюджеті есебінен жабылады. Бұл жеңілдік теміржолшылардың 7-і мен 13 жас аралығындағы балаларына арналған. Балалар жазғы каникулда барлық өңірлердегі демалыс орталықтарында тыныға алады. Онда тынығып қана қоймай, түрлі мәдени және спорттық шараларға қатысады. Ұлттық компания жазғы демалыстағы балалардың қауіпсіздігіне де қатты кө­ңіл бөледі. Оған қоса демалыс орталықтарына ал­ып баратын автобустармен және­ медициналық қызмет түрлерімен де қамтылады. Балаларды түрлі оқиғалардан сақтандыру жүйесі де жұмыс істейтін болады. Ал бос уа­қыттарын тиімді өткізуі үшін танымдық, теміржол терминологиясы қамтылған газет-журналдармен танысады. Сөйтіп, көліктердегі қауіпсіздік ере­желері де түсіндіріледі. Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ, «Егемен Қазақстан»
Соңғы жаңалықтар