• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
17 Маусым, 2016

Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз

719 рет
көрсетілді

Биыл тәуелсіздік алғанымызға 25 жыл толғалы отыр. Осы жылдар ішінде еліміз тоқсаныншы жылдардың ауыртпашылық­тарын, дағдарыстардың қиын­шы­лықтарын еңсере отырып, қарқынды дамудың даңғыл жолына түсті. Халқымыз есін жиып, еңсесі көтерілді. Дамыған 50 елдің қатарына қосылып, ал­дымызға одан да биік мақсат – алғашқы отыздыққа кіруге бет алдық. Әлемдік қоғамдастықтағы беделіміз де бұрын-соңды бол­маған биіктерге көтерілді. Өзге елдер бізді бірлігі бекем, тұрақтылық пен достық мекені деп біледі. Сондықтан да, шетелдік инвесторлар Қазақстанға қаржы құюға ынталы болып отыр. Бұл қуанарлық жағдай. Білім беру саласында да осындай оң қадамдар жасалып жатқаны қуантады. Білімді  ұрпақ тәуелсіздігімізді нығайтады, баянды етеді. Осы ретте республикамыздағы жоғары оқу орындары да уақыт талабына сай жұмыс жүргізіп келеді. Сондай іргелі оқу орындарының бірі – М.Әуезов атындағы Оң­түстік Қазақстан мемлекеттік университеті. Біздің ұжым көп­ұлтты. Ынтымақ, бірлігі жарасқан жоғары оқу орны. Студент жас­тар да, оқытушы-ғалымдар да Елбасының ұрпақтарымыздың білімді болуы жолында қолға алып отырған ілкімді істеріне қолдау білдіреді. Осындай жоғары талап биігінен көріну жолында аянбай еңбек етіп келеді. Осы ретте айта кету керек, үш тұғырлы тіл мәселесіне байланысты пікір қайшылықтары бар. Әрине, көптің ой-пікірімен санасу керек. Барлығын сараптап, салмақтап, сонан соң нақты шешім жасаған жөн. Ал көп тіл білгеннен ешкім де ұтылмайды. Жүрегі елім, жұртым деп соққан әрбір азамат жарқын болашақ үшін аянбауы қажет деп білеміз. Ата-бабаларымыз аманат еткен тәуелсіздікті қорғау әрбір азаматтың қасиетті борышы. Тәуелсіздік – бұл біздің ұлы құндылығымыз, ең биік жетістігіміз, бүкіл тіршілігіміздің мәні, ұрпақтарымыздың келешегі. Осының қадіріне жете білуіміз керек. Еліміздің ауызбіршілігін, тұтастығын көздің қарашығындай сақтау маңызды. Қазіргі сәтте ұрпақ тәрбиесіне баса назар аудару  қажет. Әсі­ресе, бұл мәселе жөніндегі ата-аналардың жауапкершілігін арттыруға үлкен мән берілуі тиіс. М.Әуезов атындағы Оң­түстік Қазақстан мемлекеттік университеті Елбасының ғылым-білім саласына және бейбітшілікке байланысты саясатын қызу қолдайды және елімізде бейбіт өмір мен қоғамдық келісімді сақ­тау ісіне өз үлестерін қоса береді. Әлібек  СЕЙДЕХАН, тарих ғылымдарының докторы Шымкент