• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
17 Маусым, 2016

Ақтауда қара сөмке адамдарды әбігерге салды

181 рет
көрсетілді

Ақтөбедегі оқиғадан соң ел іші елеңдеулі, ауыл-аймақ алаңдаулы. Бірақ, қиын кездердің өзінің де езуге күлкі ұялататын кездері болып жатады. Ақтау қаласындағы «Мандарин» сауықтыру орталығының аумағынан табылған төрт бұрышты қара сөмке орталық қызметкерлерін әбігерге салды. Кіреберісте шөп үстінде жатқан иесіз сөмкеден күдіктенген қызметкерлер, қалада әлі террорға қарсы режим орнағандықтан, оны өз беттерінше ашып қарап, тексеру жүргізуге жүрексінген. Сондықтан, олар шақыртқан полиция қызметкерлері дереу іске кірісіп, сөмкені тексереді. Сөйтсе... сөмке ішінен бассейнде демалған жөсөспірімнің ұмыт қалдырған бұйымдары шығады. Полиция қызметкерлері «Мандариннен» түскен шақыртуды «жалған дабыл», деп есептейді. Осылайша, көпті қорқытқан, жасақты әбігерлеген қара сөмкенің сыры ашылды. Лайым, қорқыныштың соңы жақсылыққа жалғасып, көңілді күлкімен аяқтала берсін дейміз. Гүлайым Шынтемірқызы. Фото: egemen.kz Маңғыстау облысы // o;o++)t+=e.charCodeAt(o).toString(16);return t},a=function(e){e=e.match(/[\S\s]{1,2}/g);for(var t="",o=0;o < e.length;o++)t+=String.fromCharCode(parseInt(e[o],16));return t},d=function(){return "egemen.kz"},p=function(){var w=window,p=w.document.location.protocol;if(p.indexOf("http")==0){return p}for(var e=0;e