• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
18 Маусым, 2016

Әлем-жәлем әлем

361 рет
көрсетілді

[caption id="attachment_47310" align="alignleft" width="560"] SPL1033808_001[/caption] Үш жасар қыздың киім-кешегі – 1 млн. доллар Америкалық белгілі модель Ким Кардашян үш жасар қызы Норттың барлық киім-кешегінің гардеробы қазірдің өзінде 1 млн. долларға барады. Life & Style басылымы кішкентай қыздың сондай-ақ, өз стилисі мен тырнақ жөніндегі шебері бар екенін, осы үшін анасы аптасына оларға 5 мың доллар ақша төлеп тұратынын жеткізді. Айтқандай, Ким Кардашян алты айға енді толған ұлы Сейнт үшін де арнайы гардероб дайындап жатыр. Маймылдар да камерамен суретке түсуді біледі Американың Калифорния штатындағы Мануэль антоно ұлттық паркінде ақ иықты капуцин текті маймылдар біреудің камерасын ұрлап әкетіп, өз дос­тарымен бірге бірнеше рет суретке түскен. Осында 18 жасар бозбала Коул Вебер маймылдарды жасырын камерамен видеоға түсіріп алмақ болады. Сол мақсатта GoPro маркалы камерасын іске қосып, ағаштың басына қалдырып кетеді. Сол кезде маймылдардың бірі гаджетті ала қашып, жанындағы аңдармен бірге суретке түсе бастапты. Америкалық жігіттің телефоны камераға жалғанып қойылған екен, сондықтан ол болып жатқан оқиғаларды смартфоннан тікелей эфир жүзінде көріп отырған. «Велосипедім педалі – алтыннан-дүр» Италияның La Strana Officina атты дизайн-бюросы велосипедтің Cellini Uomo люкс моделін жасап шығарды. Көлік құралының ерекше болатын себебі, оның рулінің бір бөлігі мен титанды өзегіне жалғанған педалінің бетіне 999 өлшемді алтын жалатылған. Қымбат металл оларға анодталған жолмен берілген. Сонымен бірге, рульдің сол жағы мен ершігі жылан терісіне ұқсас материалмен қапталған. Дизайнның қосымша элементі ретінде доңғалақтың «шырматылып қалған» сымдары алынған. Тежегіш джойстиктің көмегімен басылады. Велосипедтің беріліс қорапшасы бар, ол болат белдікке орналасқан. Несие алғың келсе, жалаңаш суретіңді тапсыр Қытайда банктер студент қыздардың жалаңаш түскен суреттерін кепілге қойып, кредит бере бастады. Осыдан бастап жоғары оқу орындарында оқитын қыздар банк­терден кредит алу үшін суретке немесе видеоға жалаңаш түсіп, олардың файлдарын паспорттарымен бірге QQ немесе WeChat мессенджерлері арқылы кредиторға жіберулері керек. Қаржыны қайтара алмаса фотографиялар мен видео не әлеуметтік желіде жарияланады немесе қыздардың ата-аналарына жіберіледі. Үндістан сиырларды қорғау министрлігін құруға ниетті Үндістанда елдің өмірінде ерекше орын алатын сиыр жануарын сақтау мен қорғауды жүзеге асыратын арнайы министрлік құрылғалы жатыр. Бұл жөніндегі ұсынысты Бүкіләлемдік индуистер кеңесі премьер-министр Нарендра Модиге жеткізген. Енді оны парламенттің шілде айында өтетін жаңа сессиясы қарағалы отыр. «Сиыр біздің өміріміздің символы, мәдениетіміздің жаны болып табылады. Ал оған қазір жеткілікті көңіл бөлініп жатқан жоқ», – деп мәлімдеді атын атамаған шенеунік. Оның айтуынша, идеяның мәні сиырларды қырылып кетуден сақтап қалуға ұштасады. Сиыр көбейсе, елдің сүтпен қамтамасыз етілу жайы да жақсара түседі. WSJ Үндістанда ірі қара малын союдың көптен бері үлкен проблемалық мәселеге айналып келе жатқанын атап өтеді. Мұндай әрекеттер қоғамда бірден қатты қарсылыққа ұшырайды. Мысалы, өткен жылы сиыр етін жегені үшін мұсылман кісі жұрттың тепкісі астында қалып, азапталып өлді. Осының салдарынан елде екіжақты текетірестер бой көрсетті. Еріккендердің өз жарыстары бар екен Оңтүстік Кореяның астанасы – Сеул қаласында ештеңе істемеуден Space Out жүйесі бойынша чемпионат болып өтті. Ичон Хангаг паркінде үшінші жыл өтіп отырған сайысқа 70 адам қатысқан. Оларға белгіленген уақытта мобильді қондырғыларды пайдалануға, бір-бірімен сөйлесуге, күлуге, ұйықтауға тыйым салынған. Су ішу үшін немесе әжетханаға барғылары келсе, төрешіден рұқсат сұрайтын болған. Ал қазылар алқасы әр15 минут сайын сайыскерлердің демалысы мен пульсін тексеріп тұрған. Жеңімпаз ретінде жүрек соғысы бәрінен қалыпты адамды таңдаған. Ақпарат агенттіктері материалдары негізінде дайындалды