• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
20 Маусым, 2016

Шығыс Қазақстанда басқарма басшысы тағайындалды

301 рет
көрсетілді

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омар облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының ұжымына жаңа басшыны таныстырды. Бұл лауазымға Азамат Маратұлы Мұхамедшынов тағайындалды. Ол осыған дейін Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы қызметін атқарған. Азамат Маратұлы – 1978 жылы 23 ақпанда Ұлан ауданының Асубұлақ кентінде туған. С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін «музыка пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша, Шығыс Қазақстан аймақтық университетін «экономика» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1998 жылы Жарма ауданының Бақыршық ауылында Бақыршық орта мектебінің музыка пәні мұғалімі болып бастады. 2002-2008 жылдары Риддер қаласында «Шаңырақ» орта мектебінде концертмейстер және домбыра үйірмесінің жетекшісі болды. 2008-2010 жылдары Риддер қаласының «Мәдениет сарайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры, 2010-2012 жылдары Риддер қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған. 2012 жылдың сәуір айынан бері Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы болып еңбек етіп келді. Думан Анаш. Дерек, фото: Шығыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Соңғы жаңалықтар