Қарағанды облысында бес адам сібір жарасы немесе күйдіргімен ауырған деген күдікпен ауруханаға жатқызылды. Науқастардың барлығы Шет ауданының тұрғындары. Олардың денелерін бөртпе басып кеткен.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, қазіргі таңда науқастар Қарағандыдағы облыстық инфекциялық ауруханаға жатқызылған. Олардан тиісті анализдер алынып, зертханаға жіберілді. Зерттеменің нәтижесі бірнеше күннен кейін ғана белгілі болады.
Қайрат Әбілдинов.
Дерек, фото: Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.