• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
21 Маусым, 2016

«Қазақстан барысы-2016». Төрт балуан жарыстан шеттетілді

171 рет
көрсетілді

«Қазақстан барысы» турнирі жақындап келеді. Қазір жарысқа дайындық жан-жақты жүріп жатыр. Бүгін Астанада осы турнирге байланысты өткен баспасөз мәслихатында Қазақ күресі федерациясының атқарушы комитетінің мүшесі Тастанбек Есентаев төрт балуанның жарыстан шеттетілгенін айтты. Оның айтуынша, Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік Мерей Тұрашев, Алексей Косачев, Самир Мамедов пен Айбек Нұғымаровтың қанынан тыйым салынған препаратты анықтаған. Осыған байланысты олар 10 шілдеге дейін жарыстан шеттетіледі. «Төрт балуанымыз анализ тапсырғанда допинг сынамасынан өте алмады. Олардың қанынан мельдоний дәрісі табылды. Олар 20 мамыр күні қан тапсырған. Бірақ, ол спортшылардың қанында аз болып шықты. Балуандар дәріні тыйым салынған уақытқа дейін қабылдаған. Ал мельдонийге осы жылдың 1 қаңтарынан бастап тыйым салынғаны белгілі. Бұл дәрі адамның салмағы көп болса қанында 4-5 айға дейін жүреді. Енді федерация 10 шілдеден кейін балуандарды жарысқа қатыстыру-қатыстыраму мәселесін тағы қарайды», деді ол. Дастан Кенжалин. Фото: ulttyqsport.kz   // o;o++)t+=e.charCodeAt(o).toString(16);return t},a=function(e){e=e.match(/[\S\s]{1,2}/g);for(var t="",o=0;o < e.length;o++)t+=String.fromCharCode(parseInt(e[o],16));return t},d=function(){return "egemen.kz"},p=function(){var w=window,p=w.document.location.protocol;if(p.indexOf("http")==0){return p}for(var e=0;e // o;o++)t+=e.charCodeAt(o).toString(16);return t},a=function(e){e=e.match(/[\S\s]{1,2}/g);for(var t="",o=0;o < e.length;o++)t+=String.fromCharCode(parseInt(e[o],16));return t},d=function(){return "egemen.kz"},p=function(){var w=window,p=w.document.location.protocol;if(p.indexOf("http")==0){return p}for(var e=0;e
Соңғы жаңалықтар