• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
21 Маусым, 2016

Шымкентте 14 жасар қыз үшті-күйлі жоғалып кетті

388 рет
көрсетілді

Шымкенттегі Чапаев кентінде туған-туыстары мен полицейлер Лилия Ахметова деген 14 жасар қызды іздестіріп жатыр. Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі істер департаментінің хабарлауынша, 8-сыныпта оқитын қыз 14 маусым күні үйден шығып кеткеннен қайтап оралмаған. Көргендер маусымның 14-інен 15-не қараған түні темір жол вокзалында көрген. Туған-тыстары Лилияны алдымен өздері іздейді. Табылмағасын 17 маусым күні Әл-Фараби полиция бөліміне келіп хабарлайды. 36 жастағы қала тұрғынының айтуынша, 15 маусымға қараған түні 2002 жылы туған қызы Лилия Ахметова құрбысының үйіне кетіп, қайтып оралмаған. Оның қалтасында ешқандай құжат болмаған. Қазіргі таңда бұл жайт полицияда тіркеліп, жеке құрам қызметкерлері №34 мектептің 14 жасар оқушысын іздестіруге кіріскен. Бір анықталғаны, жасөспірім қыз бұған дейін де үйінен кетіп жүрген екен. Лилия Ахметованың белгілері: бойы — 155 см, қасы-көзі — қара, шашы иығынан аздап түскен, қоңырқай түстес, орташа денелі. Сол күні оқушы қыз үстіне жасыл шорты, ашық-сары түсті футболка мен ашық-қоңыр түсті туфли киген. Қолында шағын қара сөмкесі бар. Бақтияр Тайжан. Дерек, фото: Otyrar.kz.