[caption id="attachment_47718" align="aligncenter" width="560"] vk.com[/caption]
Футболдан Еуропа чемпионатының C тобында өнер көрсеткен Украина мен Польша құрамалары Марсель қаласында кездесті.
Украина – Польша 0:1
Стадион: «Велодром»
Төрешілер: Моэн Свен, Хаглунн Ким-Томас, Андас Франк (бәрі – Норвегия), Гечек Хюсейин (Түркия)
Украина: Пятов, Федецкий, Хачериди, Кучер, Бутко, Ротань, Степаненко, Ярмоленко, Зинченко (Коваленко 73), Коноплянка, Зозуля (Тимощук)
Польша: Фабианьский, Чонек, Глик, Паздан, Енджейчик, Крыховяк, Йодловец, Капустка (Гросицки), Зелиньский (Блащиковский 46), Милик (Стажиньский 90), Левандовский
Гол: Блащиковский 54
Ескерту алғандар: Ротань 25, Кучер 38 – Капустка 60
Ойын барысында қос команданың гол соғатын бірнеше мүмкіндігі болған еді. Аяғына тиген допты голға айналдырмай қоймайтын Роберт Левандовскийдің кем дегенде бір доптың иесі атануы мүмкін еді. Бірақ бәрі сәтсіз аяқталып жатты. Ал украиндар өз кезегінде қауіпті шабуылдарын жиі ұйымдастырды. Сондай сәттердің бірінде Андрей Ярмоленко қақпашымен жеке шығып, тоғыздыққа айналдыра кеп гол соқпақ еді. Бірақ ойлаған ойы жүзеге аспады. Соққысы қақпадан әлдеқайда қисық кетті.
Матчтың 54-минутында поляктар Якуб Блащиковскийдің арқасында бұл ойындағы алғашқы әрі соңғы голын соқты. Ал Украина құрамасы дүбірлі додағы кезекті ойынын жеңіліспен аяқтады. Үш ойынның үшеуін де ұтылған олар тіпті, қарсыластарына бір де бір гол соға алмады.
Аян Әбдуәли.