• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
22 Маусым, 2016

«Еуро-2016». Германия кезекті рет жеңіске жетті (видео)

182 рет
көрсетілді

[caption id="attachment_47723" align="aligncenter" width="560"] vk.com[/caption] Футболдан Еуропа чемпионатының С тобында өнер көрсететін Солтүстік Ирландия мен Германия құрама командалары Париж қаласында кездесті. Солтүстік Ирландия – Германия 0:1 Стадион: «Парк де Пренс» Төрешілер: Тюрпен Клеман, Кано Фредерик, Дано Николя (бәрі – Франция), Винчич Славко (Словения) Солтүстік Ирландия: Макговерн, Хьюз, Маколи, Кэткарт, Эванс, Норвуд, Эванс (Макгинн 84), Дэвис, Уорд (Магеннис 70), Вашингтон (Лафферти 59), Даллас Германия: Нойер, Киммих, Боатенг (Хеведес 76), Хуммельс, Хектор, Хедира (Швайнштайгер 69), Кроос, Мюллер, Озил, Гётце (Шюррле 55), Гомес Гол: Гомес 29 Бұл кездесуде Германия құрамасы айқын басымдыққа ие болды. Әрбір ұйымдастырған шабуылдары голға пара-пар. Бір ғана Томас Мюллердің жасаған екі соққысының бірі қақпаның маңдайшасына, тағы бірі бағанасына тиіп кетті. Марио Гетце қақпашы Макговернмен үш мәрте жеке шығып, өз айласын асыра алмады. Дегенмен, матчтың 29-минутында Мюллердің пасынан кейін Гомес өз мүмкіндігін мүлт жібермей, командасын алға шығарды. Ал Солтүстік Ирландия командасының ойыншылары айтарлықтай шабуылдар жасай алмады. «Неміс машинасының» сауатты қорғанысы мен Нойер сияқты қақпашысы қарсыластарына еш мүмкіндік бере қоймады. Осылайша, Германия құрамасы үшінші ойында қатарынан жеңіске жетті әрі оның үшеуінде өз қақпасына гол соқтырмады. Аян Әбдуәли.
Соңғы жаңалықтар