• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
22 Маусым, 2016

Талабы таудай түлектер

350 рет
көрсетілді

Ақтөбе қаласындағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев атындағы орталық сая­бақта «Жас түлек – 2016» мерекелік сал­танаты өткізілді. 2015-2016 оқу жылында Ақтөбе облысында 6395 оқушы мектеп бітіріп, олардың 71,9 пайызы Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысып, орта есеппен 82,8 балл жинады. Бұл көрсеткіш салада сәл де болса, ілгерілеу бар екенін көрсетеді. Үздік оқып, «Алтын белгі» аттес­таты­на үміткер 355 оқушының 157-сі өз білімдерін дәлелдеп, 244 түлек үздік аттес­тат иеленді. Ал, биыл 48 түлек халық­­аралық олимпиада жүлдегері болды. Өңірде 1045 түлек 100-ден жоғары балл алып, алтын ұя мектебі мен ата-аналарын қуанышқа бөледі «Жас түлек – 2016» салтанатына облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, облыстық бас­қар­малар басшылары, ұлағатты ұстаздар, педагогикалық қыз­меттің ардагерлері және 3000-ға жуық мектеп бітіруші түлектер қатысты. – Соңғы үш жылда өңірде білім саласын дамытуға 164 млрд. теңгеден астам қаражат бөлінді, 30 жаңа мектеп салынды, – деді Б.Сапарбаев.  Сатыбалды СӘУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан» Ақтөбе облысы