• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
24 Маусым, 2016

Мерекеге – мерейлі жетістіктермен

308 рет
көрсетілді

Қызметтік борышын өтеу кезінде қаза болған ішкі істер органдары  мен ішкі әскер қыз­мет­­ші­леріне арнап орнатылған «Алатау» спорт кешені алдындағы монументке Қазақстан поли­циясының 24 жылдығына орай гүл шоқ­тарын қою рәсімі болып өтті. Өйткені, кешегі күн Елбасы Жарлығымен полиция күні ретінде белгіленгендігі халыққа мәлім. Осы шара аясында ІІМ-нің оқу орындары түлек­теріне лейтенант погондары табыс етілді. Ал бұл мерей­лі шараға министрлік пен орталық аппарат қызметінің басшылары, ардагерлер, ішкі істер органдары мен ішкі әскер ардагерлері, оқу орындарының түлектері мен олардың ата-аналары қатысты. Монументке гүл шоқтарын қою рәсімінен кейін қаза тапқан ішкі істер органдары мен ішкі әскер қызметшілерінің рухына тағзым ету үшін бір минуттық үнсіздік жарияланды. Арты­нан бірнеше дүркін аспанға оқ атылып, іс-шара полицияның астаналық гарнизонының және Ұлттық ұланның мерекелік шеруімен жал­ғасын тапты. Сондай-ақ, шара аясында Ішкі істер ми­нистрі Қалмұханбет Қасымов ІІМ оқу орын­дары­ның түлектеріне лейтенант погондарын салтанат­ты түрде өзі табыстағандығын айта кету керек. Бір топ ардагерлердің ішінен біз отставкадағы полиция генерал-майоры Мейірхан Жаманбаевты сөзге тартқан едік. «Мерекеге бүкіл қызметкерлер, ардагерлер және оқу орындарының түлектері жиналып, атап өтуде. Полицияның қоғамдық тәртіпті сақтауда атқарып жатқан шаруалары көп. Жақында Ақтөбеде орын алған оқиға кезінде полиция қызметкерлері өзінің жігерлілігін, қызметіне адалдығын көрсетті. Олай болса барлығының отбасына бақ-береке, амандық тілегім келеді», дейді  Мейірхан Сағынбекұлы. Ардагер, бұл орайда, егер полиция жақсы жұмыс істейтін болса, онда елімізде тыныштық пен береке болатынын, сонымен қатар елімізде татулықпен өмір сүруге барлық жағдай бар екендігін де қаперге сала кетті. Мерекелік шара ІІМ-нің клубында салтанатты жиналыспен жалғасын тапты. Онда өз өмір­лерін құрбан етіп, қызметтік борышын адал да мінсіз атқарған қызметкерлер әрқашан мақтан тұты­латыны ерекше аталды. Өйткені, ерлікпен құрбан болған жандар өз абыройларын намыспен сақ­тап қалып, бүгінгі күні полиция үшін ерлік пен батыл­дықтың жарқын үлгісі ретінде ішкі істер орган­дары­ның сенімді діңгегіне айналып отыр. Мінбер­ге шығып құттықтау сөзін жеткізген Ішкі істер министрі мұндай құттықтаулар жан-жақтан түсіп жат­қандығын ерекше ризашылықпен жеткізді. Поли­ция генерал-полковнигі Қалмұханбет Қасымов, сон­дай-ақ, қылмыс көрсеткішінің төмен­деп келе жат­қан­дығын және қоғамдық тәртіп­ті сақтау мен төтен­ше жағдайлардың алдын алу бағытында да бір­қатар жетістіктердің орын алып отырғандығын атады. Ішкі істер орган­дары қызметкерлерін кәсі­би мерекесімен құт­тық­тап, алдағы қызметтеріне табыс тіледі. Сон­дай-ақ, мерекелік бұйрыққа сай ішкі істер орган­дарын­ың бірқатар қызметкерлері «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалі­мен және де құрмет грамоталарымен мара­пат­тал­­ды. Бұдан басқа, бірқатар қызметкерлерге мерзі­­м­і­нен бұрын атақтар берілді. Жалпы Ішкі істер ми­нистрінің бұйрығымен орталық аппа­рат­тың және аумақтық бөліністердің 535 қызмет­кері қызметтік міндеттерін адал атқарғаны үшін марапатталды. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»
Соңғы жаңалықтар