Батыс Қазақстан облысында 15 сәуірден бері тұрғындардан заңсыз сақталған атыс қаруы, оқ-дәрі және жарылғыш заттарды сатып алу шарасы жүргізіліп жатыр. Бұл туралы inform.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, осы кезеңде азаматтардан 167 өтініш түсіп, 183 атыс қаруы мен 247 дана оқ-дәрі ерікті түрде тапсырылды. Сол үшін оларға 3 млн. 125,748 мың теңге төленді.
Аталған шара одан әрі жалғасуда.
Айта кетейік, шараны өткізу үшін республикалық бюджеттен 10 млн. 047 мың теңге бөлінді.
Темір Құсайын
Дерек, фото: inform.kz.