• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
25 Маусым, 2016

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің бұйрығы  №36

277 рет
көрсетілді

  2016 жылғы 20 қаңтар, Астана қаласы Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының қағаз және электрондық архивтерін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-3-бабының 13-3) тармақшасына сәйкес, бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының қағаз және электрондық архивтерін қалыптастыру қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (Т.Б. Қaзaнғaп): 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін баспа және электронды түрде мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді; 3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ә. ИСЕКЕШЕВ Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің бұйрығымен бекітілген 2016 жылғы 20 қаңтардағы №36 Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының қағаз және электрондық архивтерін қалыптастыру қағидалары 1. Жалпы ереже 1. Осы Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының қағаз және электрондық архивтерін қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы»1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 4-3-бабының 13-3) тармақшасына сәйкес әзірленді және мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының қағаз және электрондық архивтерін қалыптастыру тәртібін анықтайды. 2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады: 1) бұқаралық ақпарат құралдары (бұдан әрі - БАҚ) - мерзiмдi баспасөз басылымы, теле-, радиоарна, киноқұжаттама, дыбыс-бейне жазбасы және интернет-ресурстарды қоса алғанда, бұқаралық ақпаратты мерзiмдi немесе үздiксiз бұқаралық таратудың басқа да нысаны; 2) бұқаралық ақпарат құралының өнімі – мерзiмдi баспасөз басылымының жеке нөмiрiнiң немесе дыбыс-бейне бағдарламасының таралымы немесе таралымының бiр бөлiгi, радио-, теле-, кинохроникалық бағдарламалардың жеке шығарылымы, интернет-ресурста орналастырылған ақпарат; 3) бұқаралық ақпарат құралы өнімін тарату - мерзiмдi баспасөз басылымдарын сату (жазылу, жеткiзу, үлестiру), радио-, телебағдарламаларды эфирге шығару, кинохроникалық бағдарламаларды көрсету және интернет-ресурстарда ақпаратты орналастыру; 4) мерзімді баспасөз басылымдарының меншік иесі – мерзімді баспасөз басылымдарын иелену, пайдалану және басқару құқығын жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға, не жеке және (немесе) заңды тұлғалардың бірлестігі; 5) бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) - бұқаралық ақпарат құралдары саласында мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган; 6) мерзiмдi баспасөз басылымы – тұрақты атауы, ағымдағы нөмiрi бар және кемiнде үш айда бiр рет шығарылатын газет, журнал, альманах, бюллетень, олардың қосымшасы; 7) оператор – уәкілетті органның мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының қағаз және электрондық архивтерін толтықтыруға және сүйемелдеуге жауапты қызметкері. 3. Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының қағаз және электрондық архивтерін қалыптастыру бұдан әрі бұқаралық ақпарат құралдарының Қазақстан Республикасының заңнамаларын сақтау мәніне олардың мониторинг жүргізуі мақсатында жүзеге асырылады. 4. Мерзімді баспасөз басылымдарының меншік иесімен мiндеттi тегiн даналарын беру мерзімін бұзу «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 454-бабында көзделген әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады. 2. Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының қағаз архивін қалыптастыру тәртібі 5. Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының қағаз архивін қалыптастыру тәртібі қағаз архиві уәкілетті органның мекенжайына жіберілген мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының негізінде қалыптастырылады. 6. Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналары мерзімді баспасөз басылымдарының меншік иесі уәкілетті органның заңды мекенжайына пошталық байланыс арқылы жіберіледі. 7. Дана уәкілетті органға түскен кезде оператор мерзімді баспасөз басылымы өнімінің жіберу күнін және таратуын бастау күнін салыстырады. 8. Салыстырғаннан кейін оператор мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының қағаз нұсқасын цифрлеуден өткізеді және оның нысанын мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архивіне енгізеді. 3. Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архивін қалыптастыру тәртібі 9. Электрондық архив уәкілетті органның archive@mid.gov.kz электрондық поштасының мекенжайына жіберілетін бас редактордың (редактордың) электрондық цифрлық қолымен куәландырылған және оператор даналардың қағаз нұсқаларын цифрлаған мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық-цифрлық нысандары негізінде қалыптастырылады. 10. Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық-цифрлық нысаны уәкілетті органның оған арналған archive-press@mid.gov.kz электрондық пошталық мекенжайына жіберіледі. 11. Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін данасы уәкілетті органға түскен кезде оператор мерзімді баспасөз басылымы өнімінің жіберу күнін және оны таратуды бастау күнін салыстыруды жүзеге асырады. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 18 ақпанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №13126 болып енгізілді.