• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
25 Маусым, 2016

«Автобус күткен арғымақтар»

299 рет
көрсетілді

Бүгінде әлеуметтік желілерді аялдамада үйездеп тұрған бір үйір жылқының суреті кезіп жүр. Бір қарағанда, мұныңыз – сапарларға жиі шығып жүрген қазақстандықтардың күнделікті өмірде жиі куә болып жүрген көріністерінің бірі ғана. Де­генмен, мәселе бұл суретті кімнің тү­сіріп, желіге жүктегенінде болып тұр. Бақсақ, бұл суреттің авторы Ұлыбританияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Кэролин Браун екен. Жалпы, жеке блог жүргізіп, онда өзінің оқырман­дарына қазақ тілінде үн қатып отыру елші ханымның сүйікті істерінің бірі болса керек. Сонымен қатар, ресми тұлға блогқа бейнекөріністер мен фотосуреттер салып, біздің ел туралы өзінің көріп-білгендерін жазып отыруды да әдетке айналдырған. Таяуда Кэролин Браун Арқаның ұшқан құстың қанаты талатын даласын көктей өтетін күрежолдың бойындағы автобус аялдамасында көлеңкелеп тұрған жылқыларды фотоға түсіріп алып, facebook әлеуметтік желісінде біздің елдегі Ұлыбритания дипломатиялық өкілдігінің ресми аккаунтына жа­риялаған. Елші ханым суреттің астына «Автобус күткен «ар­ғымақ­тар» деп әзілдей ат қойып, жазба қалдырыпты. Желі қолданушылар бұл су­реттегі аялдаманы бірден таныған. Ол – Ұлытау ауданындағы Жезді елді мекеніне кіреберістегі автобус аялдамасы екен. Интернетті кезіп кеткен суретке қазақстандықтар ғана емес, ұлыбританиялық азаматтар да пікір білдіріп, елші ханымның әзіліне қалжыңмен үн қосқан. Қайрат ӘБІЛДИНОВ, «Егемен Қазақстан» ҚАРАҒАНДЫ
Соңғы жаңалықтар