• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
25 Маусым, 2016

Жер қойнауын пайдалану құқығын береді

303 рет
көрсетілді

Парламент Сенаты Халықаралық қаты­настар, қорғаныс және қауіпсіздік коми­тетінің кеңейтілген отырысы өтті, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі. Онда «1998 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Респуб­ликасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Жер қойнауын пайдалануға арналған еге­мендік құқықтарды жүзеге асы­ру мақсатында Каспий теңізі сол­­түстік бөлігінің түбін межелеу тура­­лы келісімге Хат­тамаға өзгеріс ен­гізу туралы Хаттаманы рати­фика­циялау туралы» заң жобасы қаралды. 2015 жылғы 15 қазанда Ас­тана қа­ласында қол қойылған құ­жат екі тараптың Каспий теңізі сол­­түстік бөлігі түбінің жер қой­науын игерудегі қызметінің құ­қық­­тық негізін қалыптастыруға бағыт­талған. Хаттама жер қой­науын игеруге құқық беруге, салық салуға, «Цент­ральная» геологиялық құ­ры­лы­мында жер қойнауын пай­да­лан­ғаны үшін төленетін төлем­дер­ге қатысты ережелермен мазмұндалған. Атап айтқанда, Қазақстан және Ре­сей­дің аталған кен ор­нын бірлесе иге­ру үшін құрыл­­ған кәсіпорынға жал­­пы салық салу режімін қолдана оты­­рып, 7 жыл мерзімге жер қой­науын геологиялық зерттеу кезеңі­мен 25 жыл мерзімге аукцион өт­кіз­бей жер қойнауын гео­ло­гиял­ық зерттеу, пайдалы қаз­балар­ды барлау және өн­діру үшін «Цент­раль­ная» құры­лы­мында жер қойнауын пайдалану құқығын береді.