• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
26 Маусым, 2016

«Еуро-2016». Португалия соңғы минуттарда гол соқты (видео)

262 рет
көрсетілді

[caption id="attachment_48675" align="aligncenter" width="560"] Фото: vk.com[/caption] Еуропа чемпионатының плей-офф кезеңінде өнер көрсеткен Хорватия мен Португалия құрама командалары Ланс қаласында кездесті. Хорватия – Португалия 0:0 (0:0) экстра тайм 0:1  Стадион: «Боллар-Делелис». Төрешілер: Веласко Карбальо Карлос, Алонсо Роберто, Юсте Хуан (бәрі – Испания), Кашшаи Виктор (Венгрия) Хорватия: Субашич, Срна, Вида, Чорлука, Стринич, Брозович, Бадель, Модрич, Ракитич (Пьяца, 110), Перишич, Манджукич (Н.Калинич, 88). Португалия: Руй Патрисиу, Седрик Суариш, Жозе Фонти, Пепе, Рафаэл Геррейру, Жоау Мариу (Куарежма, 87), Виллиам Карвалью, Адриэн Силва (Данилу Перейра, 108), Андре Гомеш (Ренату Санчеш, 50), Криштиану Роналду, Нани. Гол: Куарежма 117. Ескерту алған: Карвалью 78. Шынын айтқанда, жанкүйерлер өздері күткендегідей ойынды көре алмады. Командалар бірін-бірі аңдып, ара-тұра шабуыл жасағанымен, айтарлықтай қадамдарға бармады. Кездесудің 90 минутында көзге түсерлік санаулы сәттер ғана орын алды. Ал экстра-таймның әсіресе, екінші 15 минутында нағыз кескілескен шайқас болды. Лука Модрич бастаған команда Руи Патрисиудың қақпасына бірқатар шабуыл жасағанда, гол соғатын мүмкіндіктері болған еді. Алайда, соңғы сәттерде сәттілік жетіспеді. «Сен соқпасаң, гол саған соғылады» деген футболдың қағидасы дәл осы кезде бола кетті. Қарымта шабуылға шыққан португалдар 117-минутта есеп ашты. Криштиану Роналдудың соққысын қақпашы Даниель Субашич қайтара алғанымен, тұтқиылдан келген Рикарду Куарежмаға төтеп бере алмады. Хорваттар осыдан кейін есепті теңестіру үшін шабуылдарын үдеткенімен, дегендеріне жете қоймады. Португалия енді ширек финалда Польша құрамасына қарсы 30-маусымда ойнайды. Аян ӘБДУӘЛИ.
Соңғы жаңалықтар