• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
26 Маусым, 2016

Алматы облысында жоғалған медбике іздестіріліп жатыр

307 рет
көрсетілді

Алматы облысына қарасты Қарасай аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен медбикені іздестіріп жатыр. 7sunews.kz телеарнасының хабарлауынша, аудандық ауруханада медбике болып жұмыс жасайтын әйел корпоративті кештен кейін үйіне қайтып оралмаған. «Содан бері арада бір апта уақыт өтті. Әріптестері жағдайды түсіндіргілері келмейді. Ал жоғалған әйелді тек балалары ғана іздеп жүр», - деп хабарлады «31 арна». Бақытжан Есенәлиев бір аптадан бері анасын іздеп жүрген көрінеді. Ол содан бері Қаскелең өзені арнасын түгел ссүзіп шыққаан. Жұрт соңғы рет Гүлнар Есенәлиеваны осы жерден көріпті. Ол 18 маусым күні корпоративке кеткеннен қайтып үйіне оралмаған. «Кеше оның бір туфлиін тауып алдық. Бірақ денесі табылар емес. Үйдегі кішкентай інім шын мәнінде не болғанын білмейді. Біз оған мамамның бір жаққа кетіп қалғанын айттық та қойдық. Бірақ ол бәрін сезеді деп ойлаймын», - дейді жоғалған әйелдің үлкен ұлы Бақытжан. Туған-туыстары Гүлнар суға құлап кеткен болуы мүмкін дегенді айтады. Мына сурет медбике жоғалып кететін күні түсіріліпті. Қарасай аудандық ауруханасының қызметшісін әріптестері суретке басып алыпты. Алайда, солардың бірде-бірі қазір сол күні не болғанын айтқылары келмей отырғанға ұқсайды. Қазір әйелді іздестірумен полицейлер және еріктілер айналыса бастапты. Негізгі болжам Гүлнар суға батып кетуі мүмкін дегенге саяды. «Біз қазір барлық болжамдар бойынша жұмыс жасап жатырмыз. Жоғалған әйелді іздестіруге шын мәнінде бөлімше мен төтенше жағдайлардың барлық қызметкерлерін қостық. Жақын арада нәтижесі белгілі болып қалады деп ойлаймын», - деді облыстық ішкі істер департаментіндегілер. Гүлнар Есенәлиева бір өзі екі бала тәрбиелеп отырған. Оның үлкен ұлы Бақытжан қазір 22-де, ал кішісі 11-де. Балаларға әзір туыстары қарасып жатыр. Нұрбол ӘЛДІБАЕВ.