• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
26 Маусым, 2016

Ирактың ірі қаласы содырлардан азат етілді

335 рет
көрсетілді

[caption id="attachment_48710" align="aligncenter" width="560"] Фото: lenta.ru[/caption] Ирактың қарулы күштері Бағдад қаласынан 50 шақырым қашықтықта орналасқан Әл-Фаллуджа қаласын содырлар қолынан азат етті. lenta.ru сайтының хабарлауынша, мемлекет әскері «Ирак пен Левант лаңкестік тобының» мүшелеріне қарсы операция жұмыстарын осы жылдың мамыр айының соңынан бастаған. Мәліметтер бойынша, арнайы операция кезінде 1,3 мың лаңкестің көзі жойылған. Айта кетейік, бұл қала 2014 жылы экстремистік топтардың қолына өткен екен. Ел астанасына жақын болғандықтан стратегиялық маңызы зор. 24.kz сайты содырлардың Әл-Фаллуджаны бүгінге дейін Бағдадқа жасалатын шабуылдар үшін плацдарм ретінде пайдаланып келгенін хабарлады. Аян ӘБДУӘЛИ.
Соңғы жаңалықтар