• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
26 Маусым, 2016

Қытайда жойқын дауылдан 99 адам қаза тапты

303 рет
көрсетілді

[caption id="attachment_48713" align="aligncenter" width="560"] Фото: lenta.ru[/caption] Қытайдың Цзянсу провинциясында жойқын дауылдан қаза тапқандар саны 99 адамға жетті. Lenta.ru-дың хабарлауынша, бұдан бөлек 846 жергілікті тұрғын түрлі деңгейде жарақат алған. Алғашында бұл аймақта 78 тұрғынның опат болып, 500-ге жуығы зардап шеккені туралы ақпарат тараған. Қазіргі таңда 1,6 мың адам үйсіз қалды. Билік оларды уақытша баспаналарға орналастырды. Құтқарушылар тобы электр желісі мен сумен жабдықтау орындарын қалпына келтіру жұмыстарымен айналысуда. Өткен бейсенбі күні, 23 маусымда Яньчен қаласында бұршақ аралас жаңбыр жауып, жойқын дауыл болды. Салдарынан бұл маңайға айтарлықтай шығын келді. Адам өміріне қауіпті химикаттар өндіретін екі зауыттың жұмысына кері әсерін тигізді. China Daily басылымы оның жылдамдығы секундына 35 метрге дейін жеткендігін хабарлады. Мәліметтер бойынша, Яньчэн қаласында 1966 жылдан бері мұндай табиғат апаты болмаған екен. Аян ӘБДУӘЛИ.
Соңғы жаңалықтар