• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
26 Маусым, 2016

«Еуро-2016». Франция Ирландияны жеңді (видео)

277 рет
көрсетілді

[caption id="attachment_48730" align="aligncenter" width="560"] Фото: vk.com[/caption] Футболдан Еуропа чемпионатының 1/8 финалында Франция мен Ирландия құрамалары Лион қаласында кездесті. Франция – Ирландия 2:1 Стадион: «Люмьер» Төрешілер: Риццоли Никола, Ди Либераторе Эленито, Тонолини Мауро (Италия), Кульбаков Алексей (Беларусь) Франция: Льорис, Санья, Рами, Косьельни, Эвра, Канте (Коман 45), Матюиди, Погба, Гризманн, Жиру (Жиньяк), Пайе Ирландия: Рэндолф, Коулмэн, Даффи, Кио, Уорд, Хендрик, Маккарти (Хулахан 71), Брэйди, Маклин (О’Ши), Лонг, Мерфи (Уолтерс 65) Голдар: Гирзманн 58, 61 – Брэйди 2 Ескерту алғандар: Рами 44, Канте 27 – Коулмэн 25, Хендрик 45, Лонг 75 Алаңнан қуылды: Даффи 66 Бүгін жанкүйерлер тартысты ойынның куәсі болды. Ирландия ойыншылары ойын бастала сала шабуылға көшіп, бар-жоғы 2-минутта пенальти теуіп үлгерді. Осының арқасында олар есеп басында алға шықты. Алайда, француздар осыдан кейін-ақ барын салып, есепті теңестіруге тырысты. Нәтижесінде, 58-минутта «Атлетико» футбол клубының ойыншысы Антуан Гризманн таразы басын теңестірсе, араға үш минут салып, 61-минутта өз командасын алға шығарды. Франция құрамасы ¼ финалға шықты. Ал қос голдың иесі атанған Антуан Гризманн кездесудің үздік ойыншысы атанды. Аян ӘБДУӘЛИ.
Соңғы жаңалықтар