• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
26 Маусым, 2016

Қазақстандық 3 ауыр атлет ұзақ жылдарға дисквалификация алды

356 рет
көрсетілді

[caption id="attachment_48734" align="aligncenter" width="560"] kaztag.kz[/caption] Бүгін Халықаралық ауыр атлетика федерациясының қазақстандық үш ауыр атлетті ұзақ жылдарға дисквалификация жасағаны белгілі болды. ҚазТАГ ақпарына қарағанда, бұл тізімге Алмас Өтешов, Жасұлан Қадырбаев және Ермек Өміртай кірген. Олар бұған дейін допинг қолданды деген күлікпен 2015 жылы Хьюстонда өткен әлем чемпионатынан шеттетілген еді. Сол кезде бұл тізімде 17 спортшы болды. Енді федерацияның түпкілікті шешімімен Өміртай мен Өтешов 4 жылға жарыстардан шеттетілсе, бұған дейін бір рет дисквалификация алған Қадырбаев 8 жылға осындай жаза алды. Олардың барлығының спорттық нәтижелері жойылды. Еске сала кетейік, бұған дейін Светлана Подобедова, Майя Манезва, Зүлфия Чиншанло және Илья Ильин тыйым салынған препараттарды қолданды деп хабарланған еді. Оларға әзір ешқандай жаза белгіленген жоқ. Талғат РАЙЫМБЕК.
Соңғы жаңалықтар