• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
27 Маусым, 2016

Америка кубогы. Аргентина тағы да финалда ұтылды (фото, видео)

402 рет
көрсетілді

[caption id="attachment_48740" align="aligncenter" width="560"] Фото: vk.com[/caption] Футболдан АҚШ-та өтіп жатқан Америка кубогы турнирінде Аргентина мен Чили құрамалары Ист-Ратерфордта кездесті. Аргентина – Чили 0:0 (0:0) пенальти сериясы 2-4 Стадион: «Метлайф-стэдиум». Төрешілер: Лопес Эбер, Жиль Клебер, Бошилия Бруно (бәрі – Бразилия) Аргентина: Серхио Ромеро, Маркос Рохо, Фуньес Мори, Николас Отаменди, Габриэль Меркадо, Эвер Банега (Эрик Ламела 111), Хавьер Маскерано, Лукас Билья, Анхель Ди Мария (Клаудио Краневиттер 57), Гонсало Игуаин (Серхио Агуэро 70), Лионель Месси Чили: Клаудио Браво, Жан Босежур, Гонсало Хара, Гари Медель, Маурисио Исла, Артуро Видаль, Марсело Диас, Чарлес Арангис, Алексис Санчес (Франсиско Сильва), Эдуардо Варгас (Николас Кастильо), Хосе Фуэнсалида (Эдсон Пуч 80). Пенальти сериясы: 0:0 – Артуро Видаль (қақпашы), 0:0 – Лионель Месси (қисық), 0:1 – Николас Кастильо 1:1 – Хавьер Маскерано, 1:2 – Чарлес Арангис, 2:2 – Серхио Агуэро, 2:3 – Жан Босежур, 2:3 – Лукас Билья (қақпашы), 2:4 –  Сильва. Ескерту алғандар: Хавьер Маскерано 37, Лионель Месси 40, Клаудио Краневиттер 94 – Марсело Диас 16, Артуро Видаль 37, Жан Босежур 53, Чарсел Арангис 69. Алаңнан қуылғандар: Маркос Рохо 43 – Марсело Диас 29. Аргентина құрамасы соңғы үш жылда үшінші рет үлкен турнирлердің финалдық ойындарында жеңіліп отыр. Ал Чили құрамасы екінші жыл қатарынан Америка кубогында Аргентинаны жеңіп, жарыстың жеңімпазы атанды. Бір қызығы, осы екі жылда да бірдей есеп тіркелді Тартысты өткен кездесуде жанкүйерлердің басым бөлігі Лионель Месси бастаған Аргентинаның жеңіске жететініне сенімді еді. Алайда, Чили бұл жолы да «альбиселесте» ойыншыларынан басым түсті. Төреші ысқырығын шалысымен шабуылға шыққан аргентиналықтар есеп ашатын бірнеше мүмкіндігін оңтайлы пайдалана алмады. 21-минутта қорғаушылардың қателігінен кейін Гонсало Игуаин қақпашымен жеке шыққанымен, қақпаға бағыттаған соққысы көздеген жеріне жетпеді. Ал «Барселона» футбол клубының ойыншысы Клаудио Браво бұл жолы да өз қақпасын бірнеше рет голдан аман алып қалды. Пенальти кезінде де дәл осы голкипердің арқасында Чили өз тарихында екінші рет Америка кубогында жеңіске жетті. Бірнеше сейв жасап, ерекше ойынымен көзге түскен Браво матчтың үздік ойыншысы атанды. Аян ӘБДУӘЛИ.

Турнирдің үздік қақпашысы – Клаудио Браво

[caption id="attachment_48743" align="aligncenter" width="560"] Фото: vk.com[/caption]

Турнирдің үздік ойыншысы – Алексис Санчеc

[caption id="attachment_48742" align="aligncenter" width="560"] Фото: vk.com[/caption]

Турнирдің сұрмергені – Эдуардо Варгас

[caption id="attachment_48745" align="aligncenter" width="560"] Фото: vk.com[/caption]

Fair Play сыйлығының иегері – Аргентина құрама командасы

[caption id="attachment_48746" align="aligncenter" width="560"] Фото: vk.com[/caption]
Соңғы жаңалықтар