[caption id="attachment_49065" align="aligncenter" width="560"] stan.kz[/caption]
Бас прокурор Жақып Асанов отбасылық бұзақыларды әкімшілік қамау мерзімін 48 сағатқа ұзарту қажет деп санайды.
«2014-ші жылы әкімшілік қамау мерзімі 48 сағаттан 3 сағатқа дейін қысқарды. Бұл – өте аз уақыт. Мұндай аз уақыттың ішінде бұзақының ашу-ызасы басылмайды, ол не істегенін түсінбеуі де мүмкін. Керісінше, тез босап, өшін алуға тырысады. Сондықтан қамауды 3 сағаттан бұрынғыдай 48 сағатқа ұзарту қажет. Бұл норма 23 жыл бойы жақсы жұмыс істеп келді. Осы мерзімде бұзақы сабасына түседі, есін жинайды, ал полиция болса материалды дайындап, сотқа жібереді», – дейді Жақып Асанов.
Талғат Райымбек.