[caption id="attachment_49293" align="aligncenter" width="560"] akorda.kz[/caption]
Akorda.kz-тің хабарлауынша, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасы Жер кодексінің жеке нормаларының қолданысын және «Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы заңының қолданысқа енгізілуін тоқтата тұру туралы» заңға қол қойды.
Қабылданған заң «Жер заңнамасының кейбір нормаларын қолдануға мораторий енгізу туралы» 2016 жылғы 6 мамырдағы № 248 жарлықты іске асыруға бағытталған.
Заңмен «Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасының заңының қолданысы 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін тоқтатылады.
Бұдан бөлек, Жер кодексінің кейбір нормаларының қолданысы тоқтатылады, оларға сәйкес 2016 жылдың соңына дейін: ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері жалдау шарттарымен шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдік заңды тұлғаларға, сондай-ақ, шетелдіктер қатысатын заңды тұлғаларға, мемлекеттік меншіктегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне меншік құқығы берілмейтін болады.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
Талғат Райымбек.