• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
02 Шілде, 2016

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің бұйрығы  №417 

311 рет
көрсетілді

  2015 жылғы 31 наурыз,Астана қаласы Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәліктерінің, кәсіби дипломдардың, кәсіби дипломдар растамаларының, жеңілдік рұқсаттарының, теңізде жүзу кітапшаларының тізілімдерін жүргізу қағидаларын бекіту туралы «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 3-тармағының 55-27) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәліктерінің, кәсіби дипломдардың, кәсіби дипломдар растамаларының, жеңілдік рұқсаттарының, теңізде жүзу кітапшаларының тізілімдерін жүргізу қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев) заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын; 4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн он жұмыс күні iшiнде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәлiметтердi Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгiнiң Заң департаментiне ұсынуды қамтамасыз етсiн. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму жетекшілік ететін вице-министрі жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ә.ИСЕКЕШЕВ Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы №417 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәліктерінің, кәсіби дипломдардың, кәсіби дипломдар растамаларының, жеңілдік рұқсаттарының, теңізде жүзу кітапшаларының тізілімдерін жүргізу қағидалары 1. Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәліктерінің, кәсіби дипломдардың, кәсіби дипломдар растамаларының, жеңілдік рұқсаттарының, теңізде жүзу кітапшаларының тізілімдерін жүргізу қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 3-тармағының 55-27) тармақшасына сәйкес әзiрленген және Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәліктерінің, кәсіби дипломдардың, кәсіби дипломдар растамаларының, жеңілдік рұқсаттарының, теңізде жүзу кітапшаларының тізілімдерін жүргізу тәртібін айқындайды. 2. Тізілім Теңіз портының әкімшілігімен берілген Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәліктерінің, кәсіби дипломдардың, кәсіби дипломдар растамаларының, жеңілдік рұқсаттарының, теңізде жүзу кітапшалары туралы ақпарат негізінде жүргізіледі. 3. Тізілімге келесі мәліметтер енгізіледі: 1) теңізшінің тегі, аты, әкесінің (бар болса) аты; 2) теңізшінің құжат түрі; 3) теңізшінің құжатын берілген күні және олардың қолдану мерзімі ; 3) теңізшінің құжатын ұзарту, алмастыру, тапсыру немесе алып қою туралы мәлімет; 5) өзге де мәліметтер. 4. Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәліктерінің, кәсіби дипломдардың, кәсіби дипломдар растамаларының, жеңілдік рұқсаттарының, теңізде жүзу кітапшалары туралы мәліметтер Теңіз портының әкімшілігімен өңделеді және оларды беру, мерзімін ұзарту, алмастыру, тапсыру немесе алып қою ретіне қарай жаңартылады. 5. Тізілім мүдделі адамдар, оның ішінде мемлекеттік органдар үшін берілген Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәліктерінің, кәсіби дипломдардың, кәсіби дипломдар растамаларының, жеңілдік рұқсаттарының, теңізде жүзу кітапшалары туралы негізгі деректер көзі болып табылады. 6. Берілген Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәліктерінің, кәсіби дипломдардың, кәсіби дипломдар растамаларының, жеңілдік рұқсаттарының, теңізде жүзу кітапшалары туралы ақпаратты осы ақпарат талап етілетін негіздемені көрсетіле отырып, жазбаша өтініш бойынша он күнтізбелік күн ішінде Теңіз әкімшілігінің порты ұсынады. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 13 мамырда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №11033 болып енгізілді.
Соңғы жаңалықтар