• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
02 Шілде, 2016

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің бұйрығы  №801 

323 рет
көрсетілді

  2015 жылғы 24 шілде,Астана қаласы «Азаматтық әуе кемелерінде қауіпті жүктерді тасымалдау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 24 ақпандағы №89 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 76-бабы 5-тармағына сәйкес бұйырамын: 1. «Азаматтық әуе кемелерінде қауіпті жүктерді тасымалдау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 24 ақпандағы № 89 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6822 болып тіркелген, 2011 жылғы 11 мамырдағы «Казахстанская правда» газетінде жарияланған, 2011 жылғы 29 сәуірдегі «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған, 2011 жылғы 13 қазандағы Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағы) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Азаматтық әуе кемелерінде қауіпті жүктерді тасымалдау жөніндегі нұсқаулықта: 13-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «13. Техникалық нұсқаулықтарда көрсетілген пайдаланушы, жүкжіберуші (жүкжөнелтуші) және басқа да адамдарды қамтитын және қауiптi жүктерді әуе кемелерімен тасымалдауға, сараптауға, топтастыруға және буып-түюге қатысатын персонал Техникалық нұсқаулықтар талаптарына сәйкес азаматтық авиация ұйымдары әзірлейтін арнайы бағдарламалар бойынша бастауыш және кезең-кезеңмен дайындық түрлерінен өтуі тиіс. Техникалық нұсқаулықтарда көрсетілген қауіпті жүктерді әуе кемелерімен тасымалдауға қатысатын пайдаланушы мамандарды қамтитын және ұшу экипажының мүшелері, сертификатталған авиациялық оқу орындарында (орталықтарында) арнайы бағдарламалар бойынша бастауыш және кезең-кезеңмен дайындық түрлерінен өтуі тиіс. Бағдарламалар Техникалық нұсқаулықтар талаптарына сәйкес әзірленеді және жаңартылады.». Нұсқаулықтың 14-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «14. Дайындықтан өткен персоналда тиісті сертификат (куәлік) болуы қажет. Сертификаттың (куәліктің) жарамдылық мерзімі 2 жылды құрайды. Персоналды даярлау туралы мәлімет соңғы дайындықтан өтудің аяқталу күнінен бастап 3 жыл ішінде сақталады және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға оның сұратуы бойынша беріледі.». 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К.Сейдахметов): 1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды; 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық оның ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы С.САРСЕНОВ Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 28 тамыздағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №11967 болып енгізілді.