• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
02 Шілде, 2016

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің бұйрығы  №1096

260 рет
көрсетілді

  2015 жылғы 25 қараша, Астана қаласы Қазақстан Республикасы пайдалы қазбаларының кен орындарын алғашқы ашушылар туралы ережені бекіту туралы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 32-12) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы пайдалы қазбаларының кен орындарын алғашқы ашушылар туралы ереже бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды; 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалудың бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы А.РАУ Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 25 қарашада №11 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы пайдалы қазбаларының кен орындарын алғашқы ашушылар туралы ереже 1. Жалпы ережелер 1. Қазақстан Республикасы пайдалы қазбаларының кен орындарын алғашқы ашушылар туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 20-бабының 32-12) тармақшасына сәйкес әзірленді. 2. Қазақстан Республикасы пайдалы қазбаларының кен орнын алғашқы ашушы (бұдан әрі - Алғашқы ашушы) - өнеркәсіптік құндылыққа ие, бұрын белгісіз болған кен орнын ашқан, сондай-ақ бұрыннан белгілі кен орнында пайдалы қазбалардың қосымша қорларын немесе оның өнеркәсіптік құндылығын едәуір ұлғайтатын жаңа минералдық шикізатты анықтаған тұлға. 3. Кен орнын ашуға және барлауға тікелей қатысқан және ерекше көзге түскен: 1) шығармашылық бастама жасаған және нәтижесінде өнеркәсіптік құндылығы бар жаңа кен орны ашылған геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу қажеттілігін ғылыми негіздеген; 2) белгілі кен орны шегінде оның қорын бұрын бекітілгенмен салыстырғанда кемінде екі есе ұлғайтатын жаңа дербес учаскелерді, кенді денелерді, қаттарды, горизонттарды немесе өнеркәсіптік пайдалануға жарамды жаңа пайдалы қазбаны ашқан жеке тұлғалар Алғашқы ашушылар деп танылады. 4. Алғашқы ашушы деп танылған тұлғаға, осы Ережеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша «Қазақстан Республикасының кен орнын алғашқы ашушы» дипломы беріледі. 5. Кен орнын ашуға алып келген геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу қажеттілігін негіздеуге, кен орнын ашу мен барлауға өзі тікелей қатыспа, өзінің қызметтік міндеттеріне қарай көрсетілген жұмыстарға жалпы басшылықты жүзеге асырып отырған лауазымды тұлғаларға «Қазақстан Республикасының кен орнын алғашқы ашушы» дипломын тапсыру жүргізілмейді. 2. Өтінішті қарау және жеке тұлғаны пайдалы қазбаның кен орнын Алғашқы ашушы деп тану туралы шешім қабылдау 6. Жеке тұлғаны Алғашқы ашушы деп тануға байланысты мәселелерді жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жө­нін­дегі уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) білікті мамандарынан құралатын және уәкілетті органның жанын­дағы Пайдалы қазбалардың кен орындарын алғашқы ашу істері жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) қарайды. 7. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму миннистрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің геология және жер қойнауын пайдалану өңіраралық департаменттері (бұдан әрі - өңіраралық департаменттер) жанынан тиісті өңіраралық департаменттердің мамандарынан тұратын пайдалы қазбалардың кен орындарын алғашқы ашушылар істері жөніндегі өңіраралық комиссиялар (бұдан әрі - өңіраралық комиссиялар) құрылады. 8. Пайдалы қазбаның кен орнын ашу туралы жеке тұлғаның ерікті үлгідегі өтініші жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесімен қоса өңіраралық департаментке ұсынылады, онда тіркеледі және өңіраралық комиссияның қарауына тапсырылады. 9. Өңіраралық комиссия өтініш түскен күннен бастап он жұмыс күн мерзімінде оны қарайды және мыналарды: 1) кен орнының ашылу фактісін және кен орнын ашуға өтініш берушінің (өтініш берушілердің) қатысқанын; 2) кен орнының өнеркәсіптік құндылығын, зерттелу дәрежесі мен толықтығын, оны рентабельді өңдеу мүмкіндігін немесе қосымша зерттеудің орындылығын белгілейді. 10. Өтініште баяндалған материалдарды қосымша зерттеу немесе тексеру жүргізу қажет болған жағдайда, қарау мерзімі жиырма жұмыс күннен аспайтын болып ұзартылады, ол туралы қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге хабарланады. 11. Өңіраралық комиссиялар өтінішті қарағаннан кейін материалдар мен өтініш берушіні Алғашқы ашушы деп тану не танудан бас тарту негіздемені қоса бере отырып, ерікті нысандағы қорытындыны уәкілетті органға жібереді. 12. Комиссияның отырыстары өңіраралық комиссиялардан пайдалы қазбаның кен орнын ашу туралы жеке тұлғаның өтінішін қарау нәтижелері бойынша ерікті нысандағы қорытынды алынған сәттен бастап бір ай ішінде, бірақ жылына кемінде бір рет өткізіледі. 13. Өтініш берушіні Алғашқы ашушы деп тану не оны Алғашқы ашушы деп танудан бас тарту туралы шешім Комиссияның хаттамамен ресімделетін ұсынымы негізінде қабылданады. Шешімді Комиссияның ұсынымы түскен күнінен бастап жеті жұмыс күні ішінде уәкілетті органның бірінші басшысы бекітеді. 14. Өтініш берушіні мынадай жағдайларда Алғашқы ашушы деп танудан бас тартылады: 1) ол өзі туралы біле тұра жалған мәліметтерді ұсынбау; 2) осы Ереженің 3-тармағында көзделген, талаптарға сай келмеу. Қазақстан Республикасы пайдалы қазбаларының кен орнындарын алғаш ашушылар туралы ережеге қосымша Нысан «Қазақстан Республикасының кен орнын алғаш ашушы» дипломы Оң жағы: Диплом Ішкі жақ: ___________________________________ (органның атауы) «Қазақстан Республикасының кен орнын алғаш ашушы» № ____ дипломы _____________________________________ (тегі) _____________________________________ (аты) _____________________________________ (әкесінің аты) Берілді ____________________________ (күні, бұйрықтың №) Бірінші басшысы ______________________ (қолы) М.О. ____________________________________ (наименование органа) Диплом № ____ «Қазақстан Республикасының кен орнын алғаш ашушы» (Первооткрыватель месторождения Республики Казахстан) _____________________________________ (фамилия) _____________________________________ (имя) _____________________________________ (отчество) Выдано _______________________________ (дата, № приказа) Первый руководитель ___________________ (подпись) М.П. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 21 желтоқсанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №12444 болып енгізілді.