• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
04 Шілде, 2016

Елбасы Салидат Қайырбекованың туыстарына көңіл айтты

250 рет
көрсетілді

[caption id="attachment_49857" align="aligncenter" width="560"] Фото: turkystan.kz[/caption] akorda.kz Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев белгілі мемлекет қайраткері Салидат Қайырбекованың мезгілсіз қайтыс болуына байланысты ауыр қайғыға ортақтаса отырып, оның жақындары мен туыстарына көңіл айтқанын хабарлады. «Салидат Қайырбекова өз елінің жоғары білікті маманы әрі лайықты азаматы ретінде қарапайым дәрігерден бастап, денсаулық сақтау министрі лауазымына дейін үлкен еңбек жолынан өтті. Терең білімі мен бай тәжірибесінің арқасында халыққа заманауи талаптарға сай медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру ісіне қомақты үлес қосып, тарихта із қалдырды. Егер ауыр науқасы болмаса, ол Отанымыздың игілігі үшін әлі көп нәрсе жасар еді», – делінген жеделхатта. Соңында Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтар Салидат Қайырбекованың есімі мен еңбегін ұмытпайтынын айтты. Аян ӘБДУӘЛИ.
Соңғы жаңалықтар