2011 жылғы 4 ақпан, Астана қаласы
2011 жылғы 3 сәуірге тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі сайлау іс-шараларын өткізудің мерзімдері туралы
Қазақстан Республикасы Конституциясының 41-бабының 3-1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12-бабының 1) тармақшасына, 51-1, 66-1-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Президенттiгіне кандидаттарды ұсыну 2011 жылғы 5 ақпаннан басталады және 2011 жылғы 20 ақпанда аяқталады;
Қазақстан Республикасының Президенттiгіне кандидаттарды тіркеу кандидаттар «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес барлық қажетті құжаттарды ұсынғаннан кейін басталады және 2011 жылғы 2 наурызда аяқталады деп белгіленсін.
2. 2011 жылғы 3 сәуірге тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған күнтізбелік жоспары (бұдан әрі – Күнтізбелік жоспар) бекітілсін.
3. Күнтізбелік жоспар облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссияларына сайлауды ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз ету үшін жіберілсін.
4. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
Төраға Қ.ТҰРҒАНҚҰЛОВ.
Хатшы Б.МЕЛДЕШОВ.
___________________________
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2011 жылғы 4 ақпандағы № 16/22 қаулысымен бекітілген
2011 жылғы 3 сәуірге тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары
1. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттарды ұсыну.
Республикалық қоғамдық бірлестіктердің жоғары органдары және азаматтар өзін-өзі ұсыну жолымен.
Сайлау тағайындалған күннен кейінгі күні – 2011 жылғы 5 ақпаннан басталады және 2011 жылғы 20 ақпанда аяқталады.
(55-б.)
2. Кандидаттың назарына оның Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде ұсынылғаны туралы шешімді жеткізу.
Республикалық қоғамдық бірлестіктердің жоғары органдары.
(55-б. 2-т., 3-т. 1) т-ша)
3. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде ұсынылғаны туралы шешімді оның дауысқа түсуге келісім беруі жөніндегі өтінішімен қоса Орталық сайлау комиссиясына ұсыну.
Республикалық қоғамдық бірлестіктердің жоғары органдары, Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттар.
(55-б. 2-т., 3-т. 2) т-ша)
4. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың оған Қазақстан Республикасы Конституциясының 33-бабының 2, 3-тармақтарында, 41-бабының 2-тармағында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау.
Орталық сайлау комиссиясы.
Азаматтың өзін-өзі ұсыну туралы өтінішін немесе республикалық қоғамдық бірлестіктің жоғары органының кандидатты ұсыну туралы хаттамасының үзіндісін кандидаттың дауысқа түсуге келісімі туралы өтінішімен қоса тапсырған кезден бастап бес күн ішінде.
(54-б.)
5. Бұқаралық ақпарат құралдарында сайлау учаскелерінің шекараларын, учаскелік сайлау комиссияларының құрамын жариялау.
Тиісті әкімдер.
Аудандық, қалалық сайлау комиссиялары.
Сайлау тағайындалғаннан кейін жеті күннен – 2011 жылғы 11 ақпаннан кешіктірмей.
(17-б. 2-т., 23-б.)
6. Бұқаралық ақпарат құралдарында аумақтық сайлау комиссияларының құрамын жариялау.
Облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссиялары.
Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен – 2011 жылғы 14 ақпаннан кешіктірмей.
(13-б. 4-т.)
7. Қазақстан Республикасының Президентін сайлау жөніндегі сайлаушылардың тізімдерін жасау.
Тиісті әкімдер.
Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын – 2011 жылғы 13 наурызда аяқталады.
(24-б. 1, 5-т.т.)
8. Қазақстан Республикасының Президентін сайлау жөніндегі сайлаушылардың тізімдерін тиісті сайлау комиссиясына акт бойынша тапсыру.
Тиісті әкімдер.
Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын – 2011 жылғы 13 наурыз.
(24-б. 5-т.)
9. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттардың сенім білдірген адамдарын тіркеу және әрқайсысына тиісті куәлік беру.
Аумақтық сайлау комиссиялары.
Сенім білдірілген адамдардың тізімдері тіркеу үшін берілген сәттен бастап.
(14 б. 2-1) т-ша)
10. Қол қою парақтарын беру.
Орталық сайлау комиссиясы.
Кандидаттың Қазақстан Республикасының Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында қойылған талаптарға сәйкестігі тексерілгеннен кейін бескүндік мерзімнен кешіктірмей.
(56-б. 3-т.)
11. Тиісті телерадиохабарларын тарату ұйымы, мерзімді баспасөз басылымының редакциясы тіркелген Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттарға эфирден және баспасөзден орын беру төлемінің мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерді хабарлауы және жариялауы әрі оларды Орталық сайлау комиссиясына беруі.
Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі.
Бұқаралық ақпарат құралдары.
Сайлаудың тағайындалғаны туралы шешім ресми жарияланғаннан кейінгі оныншы күннен – 2011 жылғы 14 ақпаннан кешіктірмей.
(28-б. 3-т.)
12. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидатты қолдап қойылған қолдардың растығын паспорт қызметі қызметкерлерін қатыстыра отырып тексеру және Орталық сайлау комиссиясына жіберілетін тиісті хаттаманы ресімдеу.
Облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссиялары.
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аумақтық қызметтері.
Қол қою парақтарын тапсырған күннен бастап онкүндік мерзімде.
(56-б. 7-т.)
13. Тұрғылықты жері бойынша салық органдарына 2011 жылғы 1 ақпанға Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органы белгілеген тәртіппен және нысанда табысы мен мүлкі туралы декларациялар тапсыру.
Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы). Кандидатты тіркегенге дейін.
(59-б. 2-т.)
14. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттарды тіркеу және әрқайсысына тиісті куәлік беру.
Орталық сайлау комиссиясы.
Кандидаттар барлық қажетті құжаттарды тапсырғаннан кейін басталады және 2011 жылғы 2 наурызда аяқталады.
(59-б. 4-т., 7-т. 2) т-ша)
15. Президенттікке кандидаттардың сайлау қорларын Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясында тіркеу.
Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттар, олардың сенім білдірген адамдары.
Президенттікке кандидат Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясында өтініш жасаған сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде (Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2010 ж. 19.08. № 7/8 қаулысы).
(34-б. 2-т.)
16. Президенттікке кандидаттардың сайлау қорларының арнаулы уақытша шоттарын ашу.
Орталық сайлау комиссиясы.
Кандидат тіркелгеннен кейін.
(34-б. 6-т.)
17. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.
Орталық сайлау комиссиясы.
Кандидаттар тіркелгеннен кейінгі жетінші күннен кешіктірмей.
(59-б. 7-т. 1) т-ша)
18. Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы) жариялаған табысы және мүлкі туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру.
Салық қызметі органдары.
Кандидат тіркелген күннен бастап он бес күн ішінде.
(59-б. 2-т.)
19. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу.
Тіркеу мерзімі аяқталған кезден басталып, сайлау болатын күннің алдындағы күні жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады (2011 жылғы 3 наурызда басталады және 1 сәуірде сағат 24-те аяқталады).
(27-б. 2-т.)
20. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу және оларды жабдықтау.
Жергілікті атқарушы органдар және тиісті аумақтық сайлау комиссиялары.
Сайлау тағайындалған күннен бастап сайлау алдындағы үгіт басталғанға дейін – 2011 жылғы 4 ақпаннан бастап 2011 жылғы 2 наурызға дейін.
(28-б. 6-т.)
21. Кандидаттарға сайлаушылармен кездесу үшін шарттық негізде үй-жайлар беру.
Бөлінген үй-жайда кандидаттардың сайлаушылармен кездесулерінің кестесін жасау және оны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.
Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдары.
Тиісті аумақтық сайлау комиссиялары.
Сайлау алдындағы үгітке дайындық барысында және сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде.
(28-б. 4-т.)
22. Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеу.
Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ұсынуы бойынша.
Ұсыным келіп түскен кезден басталып, дауыс беру күнінен бес күн бұрын – 2011 жылғы 28 наурызда аяқталады.
(20–1-б. 2-т.)
23. Қазақстан Республикасының Президентін сайлау жөніндегі сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну.
Учаскелік сайлау комиссиялары.
Дауыс беретін күнге он бес күн қалғанда – 2011 жылғы 18 наурыздан кешіктірмей.
(26-б. 1-т.)
24. Сайлау учаскелерінде дауыс беру уақыты мен орны туралы сайлаушыларды хабардар ету.
Учаскелік сайлау комиссиялары.
Дауыс беру өткізілетін күнге он күн қалғаннан – 2011 жылғы 23 наурыздан кешіктірмей.
(38-б. 2-т.)
25. Жекелеген сайлау учаскелерінде, қажет болса, дауыс беруді бастау мен аяқтаудың өзге уақытын белгілеу және ол туралы шешімді сайлаушылардың назарына жеткізу.
Аумақтық сайлау комиссиялары.
(38-б. 1-т.)
26. Сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу.
Аумақтық сайлау комиссиялары.
Сайлаудан кем дегенде бір күн бұрын – 2011 жылғы 1 сәуірден кешіктірмей.
(37-б. 3-т.)
27. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттаманы жасау.
Учаскелік сайлау комиссиялары.
Дауыс беру басталардан бір сағат бұрын.
(2011 жылғы 3 сәуірде жергілікті уақыт бойынша сағат 6.00-де)
(40-б. 1-т.)
28. Қазақстан Республикасының Президентін сайлау жөнінде дауыс беруді өткізу.
Учаскелік сайлау комиссиялары.
Сайлау күні, егер дауыс берудің өзге уақыты белгіленбесе, 2011 жылғы 3 сәуірде, жергілікті уақыт бойынша сағат 7.00-ден 20.00-ге дейін.
(38-б. 1-т., 42-б.)
29. Қазақстан Республикасының Президентін сайлау кезіндегі дауыстарды санау және дауыстарды санау туралы хаттаманы жасау.
Учаскелік сайлау комиссиялары.
Егер дауыс беру уақыты өзгертілмеген болса, 2011 жылғы 3 сәуірде жергілікті уақыт бойынша сағат жиырмада басталады және дауыстарды санау басталғаннан кейінгі он екі сағаттан асырмай жүргізіледі.
(43-б.)
30. Қазақстан Республикасының Президентін сайлау жөніндегі сайлау учаскелерінде дауыс берудің нәтижелері туралы хаттаманы аудандық, қаладағы аудандық, қалалық сайлау комиссияларына тапсыру.
Учаскелік сайлау комиссиялары.
Дауыстарды санау аяқталып, хаттама жасалған соң – дереу.
(18-б. 8) т-ша, 43-б.)
31. Хаттаманың көшірмесін жалпыжұрттың танысуы үшін сайлау учаскесінің үй-жайындағы арнайы белгіленген орынға ілу.
Учаскелік сайлау комиссиялары.
Хаттама толтырылып болған соң – дереу.
(43-б. 8-т.)
32. Қазақстан Республикасының Президентін сайлау кезінде ауданда, қаладағы ауданда, қалада дауыстарды санаудың нәтижелерін анықтау, тиісті хаттаманы жасау және оны облыстық, Астана, Алматы қалалық сайлау комиссиясына тапсыру.
Аудандық, қаладағы аудандық, қалалық сайлау комиссиялары.
Хаттама толтырылып болған соң – дереу.
(62-б. 1-т.)
33. Қазақстан Республикасының Президентін сайлау кезінде облыста, Астана және Алматы қалаларында дауыстарды санаудың нәтижелерін анықтау, тиісті хаттаманы жасау және оны Орталық сайлау комиссиясына тапсыру.
Облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссиялары.
Хаттама жасалған күннен бастап екікүндік мерзімнен асырмай – 2011 жылғы 5 сәуірден кешіктірмей жолданады.
(62-б. 1-т.)
34. Қазақстан Республикасының Президентін сайлау қорытындыларын анықтау.
Орталық сайлау комиссиясы.
Сайлау өткізілгеннен кейін жетікүндік мерзімнен – 2011 жылғы 9 сәуірден кешіктірмей.
(12-б. 10) т-ша, 44-б. 1, 3-т.т., 65-б. 1-т.)
35. Сайланған Қазақстан Республикасының Президентін тіркеу.
Орталық сайлау комиссиясы.
Сайлау өткізілген күннен бастап жетікүндік мерзімде – 2011 жылғы 9 сәуірден кешіктірмей.
(45-б., 66-б. 1-т.)
36. Қазақстан Республикасының Президентін сайлау қорытындылары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.
Орталық сайлау комиссиясы.
Сайлау өткізілген күннен бастап он күннен – 2011 жылғы 12 сәуірден кешіктірмей.
(12-б. 10) т-ша, 44-б. 4-т. 1) т-ша)
37. Кандидаттардың сайлау қорларына түскен ақшаның жалпы сомасы және оның көздері туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.
Орталық сайлау комиссиясы.
Сайлау қорытындылары жарияланған күннен бастап он күннен – 2011 жылғы 22 сәуірден кешіктірмей.
(34-б. 4-т.)
__________
Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді.