• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
05 Шілде, 2016

Мұратқали Әкетай — Ақтөбе облыстық сотының төрағасы

598 рет
көрсетілді

[caption id="attachment_50092" align="aligncenter" width="560"] aktobenews[/caption] Қазақстан Президентінің Жарлығымен Ақтөбе және Солтүстік Қазақстан облыстық соттарының төрағалары орындарын ауыстырды. AktobeBews-тің хабарлауынша, Ақтөбе облыстық сотының төрағасы болып Әкетай Мұратқали Абрарұлы тағайындалған. Ол осыған дейін Солтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы қызметінде болған. Облыстық сот төрағасын ұжымға Жоғары сот төрағасы Қайрат Мәми таныстырды. Төраға кеңесте бұрынғы облысьық сот төрағасы Ерлан Айтжановтың осы лауазымдағы бес жылдық мерзімінің заңға сәйкес аяқталғанын және Президент  Жарлығымен облыстық сот төрағасы қызметіне Мұратқали Әкетайдың тағайындалғанын мәлімдеді. Жоғары сот төрағасы Ақтөбеде болған террорлық оқиғалардан кейін облыстың бұл саладағы жұмысын күшейту қажеттігін алға тартып, облыстық сот төрағасын ауыстыру себебін түсіндірді. Ал облыстық соттың жаңа төрағасы өзіне артылған сенім жүгін заң шеңберінде атқаратынын айтты. Бүгінге дейін Ақтөбе облыстық сотының төрағасы қызметін атқарған Ерлан Айтжанов Солтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы болып тағайындалды. Тағайындау шарасына облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қатысты. Жиын барысында Қайрат Мәми сот жүйесіндегі биылғы жаңалықтарды айтты. Ол тапсырылған қызметті абыройлы атқарады деп жаңа төраға Мұратқали Абрарұлына сенім білдірді. Сатыбалды СӘУІРБАЙ.