• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар 02 Мамыр, 2026

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Түркістан облысында су деңгейінің көтерілуіне байланысты 81 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркістан облысы Төлеби ауданында мол жауын-шашын салдарынан Ақмешіт өзеніндегі су деңгейі көтерілген.

Күшті ағын екі уақытша көпірді шайып кеткен, сондай-ақ Екпінді аумағындағы өткелге зақым келген.

Ақмола облысында көпірді су шайып кетті

ТЖМ құтқарушылары Екпінді ауылынан 11 адамды, оның ішінде 7 баланы, ал демалыс аймағынан 70 адамды, оның ішінде 20 баланы эвакуациялады. Зардап шеккендер жоқ.

Оралдағы Жайық өзенінде су деңгейі бір метрге дейін көтерілді

Оқиға орнында төтенше жағдайлар қызметі жұмысын жалғастырып жатыр.

Соңғы жаңалықтар