Атақты португалиялық бапкер Жозе Моуринью мадридтік «Реал» клубына ресми түрде қайта оралды, деп хабарлайды Egemen.kz
Клубтың баспасөз қызметі директорлар кеңесінің отырысынан кейін мәлімдеме жариялап, Моуриньюді Мадридке қайтару туралы шешім қабылданғанын хабарлады.
Тараптар үш жылдық келісімшартқа қол қойды. Жозе Моуринью жаңа да, ескі клубындағы жұмысына 13 шілдеде, маусым алдындағы дайындық басталған күні кіріседі.
«2026 жылғы 11 маусым, бейсенбі күні Флорентино Перестің төрағалығымен өткен «Реал Мадрид» клубының директорлар кеңесі Жозе Моуриньюді 2029 жылғы 30 маусымға дейінгі мерзімге, яғни алдағы үш маусымға негізгі команданың бас бапкері етіп тағайындау туралы шешім қабылдады», делінген клуб мәлімдемесінде.
Естеріңізге салайық, Моуринью «Реалды» 2010-2013 жылдар аралығында жаттықтырған болатын. Осы кезеңде «корольдік клуб» оның жетекшілігімен 178 матч өткізіп, 127 рет жеңіске жетті, 23 рет жеңіліп, 28 ойында тең түсті.
Португалиялық маманмен бірге мадридтік команда бір рет Испания чемпионатын, бір рет Испания кубогын және бір рет Испания суперкубогын жеңіп алды. Алайда Чемпиондар лигасын бағындыра алмады.