• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
08 Шілде, 2016

Triathlon park Астанада ашылды

321 рет
көрсетілді

Астана қаласында Astana Triathlon park ашылды. Ашылу салтанатына қала әкімі Әсет Исекешев пен BI Group басшысы Айдын Рахымбаев қатысты. Нысанның ашылу салтанатына ар­налған веложарысты алғаш болып қала әкімі бастады. Артынша паркті аралап, Street Workout алаңын тамашалады. Осыдан кейін ол балалар алаңын, теннис корттарын, жеңіл атлетика манежін толықтыруды ұсынды. Жаңадан ашылған спорт нысанының жалпы аумағы 45 гектарды құрайды. Мұнда жүгіруге, велосипед спортымен айналысуға, суда жүзуге толық жағдай жасалған. Жоспар бойынша, жақында триатлонға арналған екі секция ашылады. – Бізде бас қаламызға ерекше сыйлық жасау үрдісі қалыптасып қалған. Бір кездері күн сағаты, ескерткіштер, саябақтар болған еді. Енді, міне, спорт нысанын сыйға тартып отырмыз. Менің ойымша, саламатты өмір салтын ұстанатын жандар үшін бұл таптырмас орын болады, – деді Айдын Рахымбаев. Спортты жанындай жақсы көретін шенеунік, бұрынғы Қаржы министрі, Қазақстан даму банкінің жетекшісі Болат Жәмішев көпшіліктің атынан бұл іске атсалысқандарға алғысын білдірді. Аян ӘБДУӘЛИ, «Егемен Қазақстан»
Соңғы жаңалықтар