• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
08 Шілде, 2016

Оспадарлық деп осыны айтады

292 рет
көрсетілді

Полиция қызметкеріне асыранды төбетті айтақтағаны несі?! Жақында Жезқазған қаласында үш полиция қызметкері қоғамдық орынның шырқын бұзғаны үшін екі жұмыссыз еркекті тәртіпке шақырған. Тәртіп сақшылары бала-шағаның көзінше арақ ішіп, балағат сөз айтып отырған екеуінің үстінен әкімшілік хаттама толтыра бастайды. Міне, сол кезде әлгі екеудің бірі полиция қызметкерлеріне ротвейлер тұқымды тайыншадай төбетті айтақтап қосқан. Егер де тәртіп сақшысының бірі тапаншасын суырып алып оқ атпағанда, қабаған иттің қандай іс қылары  бір құдайға ғана аян еді. Әлбетте, қорқыту үшін атқан оқтан ит зардап шеккен жоқ. Есесіне, итті айтақтап қосқан иесінің енді басына қара бұлт үйірілері сөзсіз. Қазіргі таңда оның үстінен Қылмыстық кодексінің 379-бабының 1-тармақшасы бойынша («Билік өкіліне бағынбау») қылмыстық іс қозғалды. Егер де күдіктінің кінәсі дәлелденер болса, онда оған 100 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салынады, не ол 120 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартылады, болмаса 45 тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады. Қайрат ӘБІЛДИНОВ, «Егемен Қазақстан»