Моңғолияда Ұлы Хуралға сайланған депутаттардың бірі – халық әртісі, әнші Жавхалан Саманд парламент ғимаратына атпен келді. Ол бұған дейін депутаттық үгіт-насихат барысында ауыл-аймақты өгіз арбамен аралап, елді таңғалдырған болатын.
Енді, міне, ол депутаттардың ант беру рәсіміне атпен келіп, елді тағы да дүрліктіріп отыр. Сол үшін оны кейбір адамдар «әртіс десе нағыз халық әртіс» дейді. Ал әнші бұған еш қысылмайды. Керісінше, ол атқа отырып, ауыл-аймақты өгіз арбамен араласам, моңғол елінің ежелден келе жатқан салт-дәстүрін сақтайтын халық қалаулысы екенімді көрсетіп жүрмін, дегенді айтады.
Биылғы парламент сайлауында халық әртісі Моңғол халықтық партиясы атынан сайланды. Бұл партия сайлауда жеңіске жетіп, 76 орынның 63-ін иеленді.
Дастан КЕНЖАЛИН,
«Егемен Қазақстан»