• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
08 Шілде, 2016

Қарағандыда елорда күніне орай веложарыс өтті (фото)

313 рет
көрсетілді

[caption id="attachment_50432" align="aligncenter" width="560"] Фото: inform.kz[/caption] Астананың туған күнін Қарағанды облысының әкімдігі спорттық шарамен атап өтті. Мерекеге орай «Саған, Астана!» атты бұқаралық веложарыс ұйымдастырылды. Мемлекеттік рәміздер алаңында өткен спорттық шараның ашылу салтанатында велосипедшілер композициялық шеберліктерін көрсетіп, бишілер өз өнерлерін жиылған қауымға ұсынды. Содан кейін Астана қаласының әнұраны шырқалды. Веложарысқа қатысушылар алдында облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков құттықтау сөз сөйледі. [caption id="attachment_50433" align="aligncenter" width="560"] Фото: inform.kz[/caption] «Жас мемлекетіміздің өзге азаматтары сияқты Қарағанды облысының тұрғындары да елорданы ерекше мақтан тұтады. Астана күн сайын, ай сайын, жыл сайын өсіп-өркендеп келеді. Бүгінгі күнде Қазақстанның астанасы – қазіргі заманғы саяси, экономикалық және әлеуметтік-мәдени  мәселелер бойынша түрлі басқосулар өтетін еуразиялық кеңістіктің орталығына айналды», – деп атап өтті облыс әкімі. Бұқаралық сипат алған шараға спорттық қауымдастықтың өкілдері, қала тұрғындары жаппай қатысты. Олардың арасында жеңіл атлетикадан Афина Олимпиадасының қола жүлдегері, онсайысшы Дмитрий Карпов, 1972 жылғы Мюнхен Олимпиадасында велоспорттан КСРО құрама командасының капитаны болған Анатолий Степаненко және басқа да танымал спортшылар болды. [caption id="attachment_50434" align="aligncenter" width="560"] Фото: inform.kz[/caption] Велододаға қатысқан облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков 12 шақырымға созылған жарыс жолын бастан аяқ екі аяқты темір тұлпарымен жүріп өтті. Мәре сызығын кескеннен кейін ол өзінің жарыстан алған әсерімен бөлісті. Сонымен қатар, өңір басшысы кейінгі кезде «шайтан арбаға» ерекше ден қойып, бос уақытында екі сағаттай велосеруен жасай бастағанын айтты. «Бір өкініштісі, – деді облыс әкімі, – облыс орталығында велосипедтерге арналған арнайы соқпақтар жоқтың қасы. Бұл инфрақұрылымды дамыту үшін тиісті шаралар қабылдануы керек деп есептеймін». Қайрат ӘБІЛДИНОВ
Соңғы жаңалықтар