[caption id="attachment_50437" align="aligncenter" width="560"] Фото: inform.kz[/caption]
Жапониядағы аукционда жаңа сортты жүзім бұрын-соңды болмаған бағаға, 11 мың долларға сатылды. Оны сатып алған супермаркет иесі 30 жидектің әрқайсысына шамамен 360 доллардан төлеген.
inform.kz-тің хабарлауынша, бұл «Қызыл күрең римдіктер» деп аталатын жүзімнің жаңа, ерекше әрі тәтті сорты. Жапонияның Исикава префектурасында өсірілген және сатылымға алғаш рет шығарылып отыр.
«Біз бұл жүзімді сатып алушылардың дәм татуы үшін дүкеніміздің алдына шығарып қоямыз», - деді супермаркет иесі Такамару Кониши.
Жапониялықтар премиум-класс жемістері үшін қомақты қаржы жұмсайды. Бұл елдің дәстүрінде жоғары мәртебелі адамдарға жеміс-жидек сыйлау үлкен құрметтің белгісі болып саналады.
Аян ӘБДУӘЛИ