• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
09 Шілде, 2016

Миллионыншы миллионыншыны құттықтады

229 рет
көрсетілді

Жақында ғана елордада миллионыншы болып туған Саида есімді сәбиді Алматы қаласының миллионыншы тұрғыны Бауыржан Дәулетұлы құттықтады. – Саида бұл өмірдегі ең бақытты, ақылы көркіне сай сұлу қыз болсын деп тілеймін! Кішкентай балапан көпшілікке үлгілі азаматша болады деген үміттемін, – деді Алматы қаласының тұрғыны. Бауыржан 1981 жылы 19 жел­тоқсанда туған. Сол тұста оған «Алматы қаласының миллионыншы тұрғыны» деген алқа тағылып, қаланың символдық кілті табыс етілген. Мұндай қуанышты жағдайға байланысты даңқты батыр Бауыржан Момышұлы батасын берген екен. – Бауыржан деп атын қойған сәбиге батамды беремін. Дені сау жігіт болып, елінің мақтанышына айналсын! – деген еді батыр. – Ешқандай ерекшелігім жоқ, қарапайым жігітпін. Мені сүйікті қаламның миллионыншы тұрғыны ретінде емес, осы қалпыммен қа­былдағандарын қалаймын. Ал қаланың кілтіне келер болсам, ол Алматыдағы 28 гвардияшы-панфиловшылар мұражайында сақтаулы тұр, – деді Бауыржан Дәулетұлы. Айта кетейік, 4 шілде күні Астана қаласы миллион тұр­ғыны бар қалаға айналды. Саида деп есімі қойылған перзент Арай­лым және Олжас Мұха­ме­дияровтардың тұңғышы. Қала әкімі Әсет Исеке­шев жас жұбай­лар­ды құттықтап, жаңа пәтердің кілтін табыстады. Аян ӘБДУӘЛИ, «Егемен Қазақстан»
Соңғы жаңалықтар