• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
09 Шілде, 2016

Дамудың сыры – бірлікте

634 рет
көрсетілді

Қазақстандағы ұлттар дос­тығын көзбен көріп, жү­рекпен сезініп жүрген жан­дар­дың бірі ретінде, мен ел­дегі дархан көңіл мен кең пейілд­і қазақ халқының осындай туабітті бауыр­малдығына тәнтімін. Баршаға белгілі, елімізде 130-дан ас­там ұлт өкіл­дері тату-тәтті ғұмыр кешу­де. О бас­тан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев­тың ұлт­тар достығын ту етіп ұстауы  – әлемді ауыз­­бір­шілікке, бейбітшілік пен ынты­мақ­­қа бастайтын сара саясат емес пе? Қай заманда және қай елде болмасын ты­ныш және бейбіт өмір сүрудің маңызы айрық­ша, қоғамдық келісімнің орны бөлек. Сондықтан да Президентіміздің аса көре­гендікпен жасап жатқан әр ісінің өзіндік мәні бар. Бұл ретте, мәдениетаралық үнқаты­суды нығайтудың жаңа кезеңі­нің негі­зін қалап, этносаралық қаты­нас­тар­ды дамыту мәселелерін жоғары дең­гейде шешуге мүмкіндік жасай­тын әлемдік тәжірибедегі тың бағыт болып табылатын Қазақстан халқы Ассам­блеясын құру идеясы соның бірден-бір дәлелі. Еліміздегі бар­лық этнос өкілдерін ортақ мақсатқа ұйыстыра отырып, республикадағы тұрақтылықты сақтау мен елді дамыту барысында айтулы үлес қосып келетін жиырма жылдық тарихы бар ҚХА бүгінде көпке үлгі. Ассамблея тарихында жиырмадан ас­там сессия өткізіліп, онда қоғам­дағы өзекті мәселелер мен мем­лекетті дамыту жолын­дағы негізгі бағыттар талқы­ла­нып келеді. 20 жыл­дан ас­­там уақыттан бері ат­қар­ған қыз­­меті мен жүріп ­өт­кен сара жолын­да қазақ­стан­дық этнос­ара­лық және кон­­фессия­ара­лық келі­сім үлгі­сінің әлемдік қоғам­дас­тық алдында беделді ұйым­ға айналғанын көрсетті. Қазақ­станда тұратын барлық ұлттар мен этностардың мүдделерін, құқықтарын бір арнаға түйістірді. Әрбір ұлттың тегіне, дініне, көзқарасына қарамастан, барлық азаматтардың құқықтары мен еркіндіктерінің бұлжытпай сақталуын қамтамасыз етті. ҚХА-ның 2014 жылғы «Қазақ­стан-2050» Стратегиясы»: бейбітшілік, рухани келісім мәдениеті» атты XXI сессиясында Елбасы: «Тәуелсіздіктің алғашқы күнінен біз өңірлерде, қала­ларда, аудандарда, ауылдарда мың­даған кездесулер өткіздік. Осыдан екі он­жыл­дыққа жуық уақыт бұрын, Ассам­блеяны құра отырып, біз әлем­дегі барлық мәлім болған модельдер­ден де озық шыға білдік. Біз халық­ты ортақ патриоттық тұғырнамада топтастырудың бірден-бір сенімді тетігін таптық. Оның мәні әркімге де түсінікті және қарапайым адами сұраныстарды – жұмысты, отбасындағы әл-ауқатты, балалар үшін білім беруді, денсаулықты, тұр­ғын үйді, қауіп­сіз­дік пен демалысты қам­тамасыз ету­ге көмек­теседі. Біз­дің қоғамда ешкім­нің де этностық артықшылығы жоқ және бәрі де заң алдында тең. Барлық қазақстандықтар – бір туған жердің балалары. Біз бәріміз – біртұтас Қазақстан халқының әртүрлі және бірдей балаларымыз. Біздің бәрі­­міз­­ді бір мәселе толғандырады – бүкіл Қазақ­стан халқының әл-ауқаты. Біз­дің бәріміздің мақсатымыз бір – біздің ортақ Отанымыздың өркендеуі. Бұл біздің ортақ табысымыз, ортақ мақта­ны­­шы­мыз», деп қанатты сөзін айтып еді. Шын мәнінде де солай, бір шаңырақ астында ұйып отырған әрбір ұлттың өкілдері Отанымыз үшін қызмет етуі керек, мақсатымыз бір бағытты көрсетсе, жүрегіміздің де бірге соғары сөзсіз. Бірлігі мен ынтымағы жарасқан елде тұру бақыты бұйырған біз шын бақытты ұлтпыз. Оны Елбасының шарапаты тиіп, елдің ықыласына бөленіп отырған әрбір ұлт өкілі мойындайды. Қазақстан хал­қы Ассамблеясы­ның кезекті XXIV сессиясы біздің жүре­гіміз­бен үндес, тілегімізбен тілеу­лес «Тәуел­сіздік. Келісім. Бола­шағы Бір­тұтас Ұлт» тақы­­рыбымен Астананың төрінде өтті. Бұл жолғы сессияның тарқатып айтар тақырыптары, талдау­лары мен ор­та­ға салған мәселелері бұрынғыдан да ма­ңызды, өзгеше бол­ды. Болашағы Бір­тұтас Ұлт қана мәң­гілік жасай берері, тәуелсіз елдің тұрғындары ғана бола­шақ­қа бек қарай­тынын және келі­сім бар жерде несібе барын айтқым келеді. Сөз соңында Елбасымыз айтқандай: «Дамудың сыры – бірлікте, табыстың сыры – тірлікте» екенін баршаңыз біле­сіздер. Мұратқа жолын тапқан жетеді», дегім келеді. Айваз ОСМАНОВ, Жамбыл облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Меркі ауданы «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігінің жетекшісі Жамбыл облысы