• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
09 Шілде, 2016

Әкім бастап велосипедке отырды

418 рет
көрсетілді

Бұланды ауданының әкімі Қуандық Есбергенов бас болып барлық мекемелер мен ұйымдардың басшылары велосипедке отырды. Жұмсақ орындықта отырып жұмыс істейтін басшылар мен қызметкерлер арасында соңғы кезде әлемдегі ең қатерлі дерттің біріне айналған жүрек-қан тамыр аурулары белең алып барады. Ой еңбегімен айналысатын зиялы қауым арасында артық салмақтан азап шегіп жүретіндер де аз емес. Осы орайда, велосипедпен серуендеудің тигізер игі ықпалы аз болмасы анық. Бұл бір жағы денсау­лықты жақсартатын спорт болса, екіншіден, арзан көлік те. Саламатты өмір салтын насихаттау мақсатында өткі­зілген шара бір реттік болып қалмай, адамдар­дың тұ­рақты өмір салтына айналады деген үміт бар. Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан» Ақмола облысы