• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
09 Шілде, 2016

Иракта аза тұту күні жарияланды

314 рет
көрсетілді

[caption id="attachment_50590" align="aligncenter" width="560"] Фото: ria.ru[/caption] Ирактағы экстремистік шабуылға байланысты Салах-эд-Дин провинциясында 3 күндік аза тұту күні болып жарияланды. Бейсенбіден жұмаға қараған түні аймақтағы Балад қаласына бірнеше шабуыл жасалған болатын. РИА «Новости» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, жанкештінің бірі шиіттердің қасиетті орны саналатын жерде өзін жарып жіберген. Артынша, лаңкестер баса-көктеп кіріп, бей-берекет от жаудырыпты. Сонымен қатар, тәртіп сақшылары жарылыс ұйымдастырмақ болғандардың біреуін дер кезінде қолға түсіріп үлгерген. Сол сияқты, бұл маңайды зымыранмен атқылаған. Қанды шабуылдарды «Ирак пен Левант лаңкестік тобы» өз мойнына алды. Соңғы мәлімет бойынша, қаза тапқандардың саны 40 адамға жеткен. Тағы 75 тұрғынның жараланғаны анықталды. Айта кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын Бағдад қаласында содырлардың әрекетінен 200-ге жуық бейбіт тұрғын қаза тауып, жүзден астамы зардап шеккен. Билік осыған байланысты үш күндік аза тұту күнін жариялаған болатын. Аян ӘБДУӘЛИ
Соңғы жаңалықтар